• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: TechСonnect Astana форумы Қазақстанға жетекші технологиялық бизнес-бірлестіктерді тартуға бағытталған

Н.Назарбаев: TechСonnect Astana форумы Қазақстанға жетекші технологиялық бизнес-бірлестіктерді тартуға бағытталған

12 Қараша, 2015 10:41
Аталмыш форум - ынтымақтастықты тереңдетуге арналған алаң және технологиялық бизнес-бірлестіктерді тартуға бағытталған мүмкіндік, деп ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Techconnect Astana технологиялық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың технологиялық конференцияға қатысушыларға арнаған құттықтау хатын оқып берді.

«Түрлі салада инновацияларды әзірлеп, енгізу – Қазақстан дамуының стратегиялық бағыты. Бұл жұмыс инновациялық процесті жеделдетуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты барлық қажетті іс-шаралар қолға алынып, заманауи инфрақұрылым дайындалып жатыр.Орнықты инновациялық жаңашылдықтар бизнес, ғылым, білім салаларымен тығыз байланыста дамиды және бұл шикізаттан инновациялық бағытқа өтудің басты факторы. Бүгінгі форум өзара ынтымақтастық орнатудың тиімді алаңы. Осы конференцияны өткізу Қазақстанға өзін басты технологиялық хаб ретінде көрсетуге мүмкіндік деген ойдамын», - делінген  Президенттің  форум қатысушыларына арналған құттықтау хатында.

Айта кетейік, технологиялық конференцияға венчурлық инвестициялар мен инновациялар саласындағы 45-тен аса сарапшы, 150 инвестор, 150 үздік стартаптың негізін қалаушы және Орталық Азия, АҚШ, ТМД елдерінен 1500 адам жиналды.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар