• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК ЕАЭО-ның ауыл шаруашылығы өндірісі өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізетін болады

ЕЭК ЕАЭО-ның ауыл шаруашылығы өндірісі өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізетін болады

12 Қараша, 2015 20:07
Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) Коллегия отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімі мен тамақ өндірісі өнімінің номенклатура жобасы мақұлданды. Комиссия олардың бағасына және бәсекеге қабілеттілігіне мониторинг жүргізетін болады.

ЕЭК-тың баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгінде номенклатура жобасы үш бөлімнен тұрады: ауыл шаруашылығы өнімі; тамақ өндірісінің өнімі, азық түлік өнімдері. 
«Комиссияның мониторинг жүргізуі және бәсекеге қабілеттілікті сараптауы ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлік тауарларының нақты бағасын білуге мүмкіндік береді. Бұл Одақтас мемлекеттерге аграрлық секторды дамытуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада. 

Коллегия мүшелері сезімтал ауыл шаруашылығы тауарларының тізімін мақұлдады. Тізім ет, ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, көкеністер, жеміс-жидектер, бақша өнімдері мен қайта өңдеу өндірісінің өнімдері және т.б. тұрады. 

Осы тізімге сүйене отырып Тараптар өндірісті дамыту бойынша өзара жоспарларымен алмасатын болады. 

Барлық жаңалықтар