- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Инвестицияларды тарту бойынша кешендік жоспар әзірленді
Алматыда Инвестицияларды тарту бойынша кешендік жоспар әзірленді
Қала әкімдігі хабарлағандай, жоспар 28 іс-шарадан тұрады және ол 3 топтамаға бөлінген: «Инвесторларға жағдай жасау», «Инвесторларды тарту» және «Инвестициядан кейінгі мониторинг».
Бірінші топтамаға инвесторлардың мәселелерін айқындау, сондай-ақ Алматы қаласының қолдағы бар бизнес-мүмкіндіктері туралы ақпараттық жұмыс жүргізу бойынша іс-шаралар кірді. Бұл топтама шеңберінде инвесторлардың әрекет етуі кезінде кездесетін мәселелерді анықтау мақсатында әрекет етіп жүрген инвесторларға сұрақ-жауап жүргізу жұмысы ұйымдастырылатын болады.
Бұдан басқа, шетелдік Бұқаралық ақпарат құралдарында бизнесті жүргізу мүмкіндіктері мен Алматы қаласының инвестициялық ахуалы туралы материалдар жарияланатын болады. Сонымен қатар, іске асырылатын жобалардың бизнес-жоспарлары, техника-экономикалық негіздемелері мен тұсау кесерлері Open society қағидаты бойынша ашық түрдегі қол жетімділікте, оның ішінде, инвестициялық мүмкіндіктердің интерактивті карталары арқылы орналастырылатын болады.
Екінші топтама іске асырудың барлық сатысындағы инвестициялық жобаларды алып жүруден, венчурлық инвестициялар форумын өткізуден және басқа да іс-шаралардан тұрады.
Үшінші топтамаға әрекет етіп жатқан инвесторлардың деректер қорын қалыптастыру және өзектендіру; инвесторларды заңнамадағы, рәсімдердегі және инвестициялау шарттарындағы өзгерістер туралы ақпараттандыру; әлеуетті инвесторлармен өткізілген кездесулердің тиімділігіне талдау жасау бойынша іс-шаралар кірді.
Шетелдік инвесторлармен кездесулер «Инвестицияларды тарту бойынша Кешендік жоспарын» іске асыру тетігі көздерінің бірі болып табылады. Соңғы үш айдың ішінде, Алматы қаласының әкімдігі Швейцарияның, Польшаның, Германияның, Австрияның, Түркияның, Румынияның, Литваның және басқа да елдердің әлеуетті инвесторларымен 60-қа жуық кездесу өткізді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр