• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК Коллегиясы ЕАЭО-ның алкоголь нарығын реттеу туралы келісім жобасын мақұлдады

ЕЭК Коллегиясы ЕАЭО-ның алкоголь нарығын реттеу туралы келісім жобасын мақұлдады

12 Қараша, 2015 17:13
Еуразия экономикалық комиссия (ЕЭК) коллегиясының кезекті отырысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің алкоколь нарығын реттеу туралы келісім жобасы қабылданды.

Құжат одақ елдерінің арасындағы ішімдік тауарлар саудасының тосқауылдарын реттеп, құқықтық қағидаларды қадағалауға бағытталған, деп хабарлады ЕЭК-тың баспасөз қызметі.

Келісім жобасы бойынша, одақ аумағында алкоголь тауарларының ортақ нарығы құрылып, барлық елдерге бірдей құқық орнатылады.  Дәлірек айтсақ, ЕАЭО елдері арасында тосқауылсыз сауда-саттық жүргізілетін болады. 

«Жалпы алкоголь нарығында ЕАЭО тауарларының шығуы – бәсекелестікке сай қабілеттерге әкеледі деп күтілуде. Яғни, алкоголь тауарларының сапасы жақсарып, түрлері де көбейетін болады»,- деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі. 

Күтіліп отырғандай, келісім жобасы 2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін келісіледі.

Сондай-ақ, отырыс барысында ЕАЭО аумағындағы темекі және ішімдік тауарлары саласындағы салық көлемі мен қағидалары да талқыланды. 

Нәтижесінде, шешім бойынша салық әр елде түрлі болып шықты. Бірақ, бүгінгі күнге қарағанда айырмашылық айтарлықтай үлкен емес, деп хабарлады ақпарат көздері.

Барлық жаңалықтар