- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Қазалы ауданында сауда-логистикалық орталықтарды құру жұмыстары жүргізілуде
ИИДМБ: Қазалы ауданында сауда-логистикалық орталықтарды құру жұмыстары жүргізілуде
Қазалы ауданы кәсіпкерлік, жер, жол және көлік қатынасы, ауыл шаруашылығы, энергетика мен экология, әлеуметтік саясат және тұрғындардың тұрмыс деңгейін жоғарылату сияқты аса маңызды салаларда айтарлықтай алға жылжу бар.
Ең бастысы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аудан экономикасы тұрақты дамып, аудан бюджетінің кірістер бөлігі көбейді.
Қазалы ауданының әкімі Нәжмадин Шамұратов айтып өткендей, кәсіпкерлікті дамытуда ҚР индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасының орны ерекше. Бағдарлама басталғалы ауданда 15 жоба толық іске қосылып, 188 жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта 219 млн теңгені құрайтын үш жобаны аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына ұсыну жоспарланып отыр.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша биылғы жылы 5 жоба «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облыстық өкілдігі арқылы субсидияланды. Ауданда «Өндірістік аймақ» ұйымдастыру жобасы іске асырылып, бұдан бөлек «Сауда-логистикалық орталық ұйымдастыру» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Н.Шамұратов.
Қазіргі таңда қалааралық автобекет тұрғындарға қызметін көрсетіп отыр. Бұл орталықта 5 сауда орталығы мен көп салалы ауылшаруашылығы өнімдері қоймасының құрылысы басталуда.
-
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек -
Су тасқынын алдын алу шаралары жүргізілуде -
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр