- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорған мен Астананың арасын жаңа ұшақ жалғайды (ФОТО)
Талдықорған мен Астананың арасын жаңа ұшақ жалғайды (ФОТО)
Тұрғындарды тарихи сәтпен, зор қуанышымен облыс басшысы А.Баталов құттықтады.
«Бұл шара Елбасының өткен жылғы сапарында берген тапсырмасы аясында, сондай-ақ Көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, өңірлерді дамыту мақсатында іске асырылды. Мемлекеттік бағдарлама негізінде халықты тасымалдау қызметінің сапасы жақсарып, ыңғайлы, жайлы самолет беріліп отыр. Талдықорған қаласына осындай жаңа үлгідегі самолеттің ұшуы уақыт талабы деп білеміз.Бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын! Еліміз аман болып, жақсы істер, игі бастамалар көбейе берсін!» – деді өңір басшысы.
Сонымен қатар облыс басшысы Талдықорған әуежайын жаңа, заманауи кейіпке келтіру болашақта оның халықаралық мәртебеге ие болуына, Алматы облысының орталығынан Қытайға, Ресей мен Қырғызстанға авиарейс қатынауына мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мұнан соң «Qazaq Air» авиакомпаниясының басшысы Блэр Поллок мырза қала халқының қонақжайлығына ризашылығын білдіріп, облыс басшылығына, әуежай ұжымына алғыс айтты. Бұл - Қазақстан бойынша соңғы екі айда «Qazaq Air» ашып отырған он екінші жаңа рейс екен. Алдағы уақытта сұраныс артатын болса, соған сәйкес рейстердің санын да ұлғайтуға мүмкіндік бар екенін жеткізді.
Бүгінге дейін Талдықорған әуежайында кеңестік кезеңнен қалған тар, моральдік тұрғыдан ескірген «ЯК - 40» самолеті қызмет атқарып келген. Енді Талдықорған өңірінің тұрғындары Астана қаласына барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған заманауи ұшақпен қатынайтын болады. Рейстер аптасына үш рет, яғни дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері ұшады. Жаңа ұшақ 78 жолаушыға арналған.
Авиакомпания Астанамен ғана емес, Талдықорғанның Алматы қаласымен де әуе қатынасына қызмет көрсетпекші. Алматы мен Талдықорған аралығына жолаушылар 35 минутта жетсе, Елордамыз бен облыс орталығы аралығының ұзақтығы – орта есеппен 1 сағат 20 минут.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер