ЕЭК министрі: ЕАЭО-дағы австриялық бизнестің болашағы зор

12 Қараша, 2015 08:53
Австриялық бизнесмендермен 9 қарашада Вена қаласында өткен кездесуде ЕЭК өндіріс және агроөндіріс кешені бойынша Коллегия мүшесі (министр) Сергей Сидорский ЕАЭО-ның өндірістік саясатты жүзеге асыру бойынша әлеуетімен таныстырды.

ЕЭК министрі Одақ мемлекеттерінде бәсекеге қабілетті инновациялық өндіріс өнімдеріне көрсетіліп жатқан қолдау шараларымен  бөлісті, деп хабарлады ЕЭК-тың баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында Сергей Сидорский мен Австрияның өнеркәсіпшілер одағының вице-президенті Хуберт Берч ЕАЭО-да австриялық бизнесмендердің қатысуымен энергетикалық машина құрылысы мен тамақ өндірісі үшін қажетті құрал жабдықтарды өндіру салаларында бірқатар жобаларды жүзеге асыру мәселесін қарастырды.

 «Австриялық бизнестің тәжірбесі мол және жеткен жетістігі де жетерлік. Жалпы,  ЕАЭО-дағы австриялық бизнестің болашағы зор», - деді өз сөзінде С.Сидорский.

Барлық жаңалықтар