- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-ның электрондық үкімет порталында жылдың басынан бастап 800 000 аса пайдаланушылар тіркелді
ҚР-ның электрондық үкімет порталында жылдың басынан бастап 800 000 аса пайдаланушылар тіркелді
Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 3,5 есеге артық – 2012 жыл бойы 234 863 тіркелді.
«Е-үкімет порталына жалпы кірушілердің саны айтарлықтай өсті (тіркелмеген пайдаланушыларды қосқанда). Өткен 9 айдың ішінде порталға жалпы 2012 жылға қарағанда 2 рет жиі кірген. Бұл ретте кірушілердің басым көпшілігі – Алматы, Астана және Қарағанды облыстары. Кірудің көбіне жоғары деңгейі қыркүйекте белгіленді – 917 000 кірулер», - деп хабарламада нақтыланған.
Порталдың көптеген кірушілері (58%) – 25-тен бастап 34-ке дейінгі жастағылар, тағыда төрттігі – 35-тен 44-ке дейін екендігін атап өтеміз. Ең белсенділері – ерлер (кірушілердің санынан 58% дерлігі).
Кірулердің ең жоғарғысы, орташа алғанда, күніне 11 сағаттардан келеді. Қазақстандықтардың көпшілігі «Жылжымайтын мүлік», «Отбасы», «Көлік және коммуникация» тарауларына кіреді.
Ең көп оқылатын мақалалар: «Қазақстан Республикасында 2013 жылғы мереке және демалыс күндері», «Декреттік демалыс», «Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)», «Баланың тууы» және «Барлығы алименттер туралы».
Е-үкіметтің төлем сервсисіне қызығушылық өсті. Бүгінгі күні онлайн-төлемнің сомасы 770 аса млн теңгені құрады (2012 жыл бойы – 140 млн теңге). Транзакциялар 273 581 рет жүргізілді (21 691 рет – 2012 жылы). Бір қызығы, порталдағы төлеушілердің 94% - ерлер.
Пайдаланушылар көбіне мемлекеттік баж салығын төлейді (жылжымайтын мүлік құқықты тіркеуге және олармен мәмілелер, некені тіркеуге және жеке куәліктің құжаттарын беру үшін), олардың үлесіне барлық транзакциялардың 78% тиесілі. Танымалдығы бойынша келесі – жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар және салықтық төлемдер.
Еgov.kz арқылы е-форматтағы қызметтердің көптеген санын Әділет министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Қаржы министрлігі және Ішкі істер министрлігі ұсынады. Е-үкімет порталы арқылы электрондық қызметтерді әзірше көрсетпейтін мемлекеттік органдардың санына – сыртқы істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Спорт және денешынықтыру істері агенттігі, Дін сітері агенттігі және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жатады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады