• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысының әкімдігі мен ҚазАвтожол жолдарды жөндеу бойынша меморандумға қол қойды

Қостанай облысының әкімдігі мен ҚазАвтожол жолдарды жөндеу бойынша меморандумға қол қойды

11 Қараша, 2015 19:06
Қостанай облысының әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ 2016 жылы өңірдегі республикалық мағынадағы автожолдардағы жөндеу бойынша меморандумға қол қойды, деп хабарлады облыстың баспасөз қызметі.

Меморандум аясында Тобол өзені арқылы өтетін көпірдің  құрылысын 2,4 млрд теңгеге   аяқтау жоспарлануда. Көпірдің бір жақ  бөлігі  арқылы қозғалысты бастау 2016 жылдың 1 шілдесіне жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Қарабұтақ-Денисовка-Рудный – Қостанай автожолдарының құрылысы жоспарланып отыр, жобаның құны 46 млрд теңге.

Сондай-ақ, Қарабұтақ - Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай автожолында күрделі жөндеу жүргізілмек.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, өңір үшін республикалық жолдарды жөндеу  өте маңызды. «Бұл қостанайлық бизнестің дамуы мен жаңа жұмыс орындарының құрылуы. Ірі құрылыс көлемдері мен құмның қажеттілігі отандық тауардың қолданылуына әкеледі», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар