• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Ақтөбенің индустриялды аймағында мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда

ИИДМБ: Ақтөбенің индустриялды аймағында мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда

11 Қараша, 2015 18:01
2015 жылы 1,9 млрд. теңге бөлініп, осы жылдың 10 айы ішінде 1,7 млрд. теңгесі игерілді, бұл — есепті кезең жоспарының 97,6 пайызы, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Индустриалдық аймақтың жалпы алаңы 200 га құрайды. Аймақтың инфрақұрылым құрылысы 2014 жылдың маусымында басталды. Құрылыс инвестициясының жалпы сомасы 5,5 млрд. теңге құрайды. Өткен жылы индустриалдық аймақтың сыртқы және ішкі инженерлік жүйесі құрылысына 3,0 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Қазіргі кезде индустриалдық аймақтың аумағын көркейту жұмыстары және су, газ жүргізу, электрмен жабдықтау, автомобиль және теміржол тарту, ағын су кәрізін, телефон жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимараты салынды.

Индустриалдық аймақ аумағында 10-ға жуық ірі және орташа зауыттар, 30-дан астам шағын зауыттар орналастырылып, мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Қазіргі кезде бизнес нысандарынан 31,5 млрд. теңге құрайтын 5 тапсырыс түсті, оның ішінде «Ұлан компаниясы», «Спецтехника», «МР Ойл Газ Энерджи Инвестмент LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің тапсырыстары мақұлданды.

«Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Әлімжан Үсенғалиев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жұмысы туралы баяндап берді. Ә.Үсенғалиевтің айтуынша, ӘКК-де әріптестерімен бірге мемлекеттік бағдарламаларды, инвестициялық қызметті және жерді пайдалануды іске асыру үшін қатысу үлесі әртүрлі 17 еншілес-тәуелді ұйым жұмыс істейді. Корпорацияның кірісі 2014 жылдың қорытындысы бойынша 11 млн. теңгені құраған.

ӘКК құрылғаннан бері әріптестермен біріге отырып, 6 179 млн. теңге құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылды, оның ішінде ӘКК инвестициясы — 672 млн. теңге (жобалардың жалпы құнының 11 пайызы).

 

Барлық жаңалықтар