- Басты
- Жаңалықтар
- Ауыл шаруашылығының ЖІӨ-сі 9 ай ішінде 2 млрд теңгені құрады – АШМ
Ауыл шаруашылығының ЖІӨ-сі 9 ай ішінде 2 млрд теңгені құрады – АШМ
Бұған өсімдік шаруашылығындағы өнім өндірісінің көлемінің 3,1%-ға, еттің барлық түрінің – 2,5%-ға, сиыр сүтінің – 2,4%-ға, тауық жұмыртқасының – 11,8%-ға өсуі сеп болды. Ұйымдасқан шаруашылықтарда мал басының саны да арта түсті.
Сонымен, жылқы саны 2 132,5 мың бас, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,1%-ға жоғары. ІҚМ – 6 649,8 мың. бас (2,6%-ға артық), қой және ешкі 20 556,3 мың бас (0,9%-ға артық), құс – 38 479,8 мың бас (5,2%-ға артық). Сондай-ақ, саланы қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламасы да сәтті жүзеге асырылуда.
Бағдарлама шеңберінде фермерлік шаруашылықтарды субсидиялау арқылы 2015 жылы 52,7 млрд. теңге бөлінді, яғни көрсеткіш өткен жылдың сәйкесінше уақытына 30%-ға артқан. «ҚазАгро ҰБХ» АҚ-ның «Сыбага», «Құлан», «Алтын Асық» атты бағдарламаларына белсене қатысқан фермерлік шаруашылықтар да өз үлестерін қосуда.
Сонымен, жыл бойы асыл тұқымды мал басы есебінен 75 мың ІҚМ, 25,2 мың бас жылқы, 72 мың бас қой сатып алынды. Асыл тұқымды ірі қара мал басының саны 722 мыңға жетті, ал бұл көрсеткіш жалпы ІҚМ басының 22%. Ет экспорты 2015 жылдың 9 айы бойынша 9,6 мың тоннаны құрады. 2015 жылы республика бойынша көктемгі егіс алқабы 18,5 млн. гектарды құрады.
2015 жылдың 5 қарашадағы жағдай бойынша 15,3 млн. га алқаптан дәнді-дақылдар жиналып, 19 959,4 мың тонна бастырылған. Дәнді-дақылдар алқаптарының (651,2 мыңға – 5,4%) қысқаруы және тыңайған жерлерді игеру есебінен азықтық дақылдар, сондай-ақ күріш, жүгері, сұлы, қант қызылшасы, бұршақты дәнді-дақылдар алқаптары арта түсті.
Өз кезегінде, шаруашылықтардың ұсақтығы жалпы саланың тиімді өндірісіне кедергі тигізуде.Тіркелген 3 856 фермерлік кооперациялар еліміздің жалпы ауыл шаруашылық құрылымдарының тек 2% ғана құрайды. Шаруашылықтардың көбіне ұсақ тауарлығы есебінен технологиялық пен инвестициялар қол жетімсіз боп қалуда.
Кооперация арқылы шаруашылықтарды ірілендіруді ынталандыру үшін Министрлікпен «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» Заң әзірленген, сондай-ақ, ү.ж. 29 қазанында Мемлекет басшымен қол қойылған қолданыстағы фермерлердің кооперациясы туралы заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымшалар енгізілген болатын.
Атал тосқауылдарды жою және саланың тиімділігін арттыру үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен субсидиялау жүйесін өзгертуі туралы шешім қабылданды. Яғни, өсімдік шаруашылығында ЖЖМ және тауарлық-материалдық құндылықтардың бағасын төмендетуге бағытталған субсидиялар толықтай жойылып, мал шаруашылығында өнім сапасын арттыру және өнімділікті жоғарлату субсидияларының саны және ғылымды қаржыландыру көлемі азаяды. Оның орнына инвестициялық субсидия, сыйақы пайызын субсидиялау, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру, ҚҚС субсидиялау, ғылыми ұйымдардың қызметіне кеткен бизнес қауымдастықтарының шығындарын субсидиялау, фитосанитарлық қызметтерді нығайту тәрізді субсидиялар енгізіледі.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады