• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері халықаралық «Бірлескен күш-жігер – 2013» оқу-жаттығуына қатысты

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері халықаралық «Бірлескен күш-жігер – 2013» оқу-жаттығуына қатысты

4 Қараша, 2013 18:30
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің офицерлері Германияның Графенвёр қаласында «Бірлескен күш-жігер-2013» («Combined Endeavor 2013») халықаралық оқу-жаттығуына қатысты, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«НАТО-ға мүше мемлекеттер, «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасына қатысушы елдер мен халықаралық ұйымдар автоматтандырылған басқару жүйесі мен байланыстың өзара іс-қимылы жөніндегі ауқымды оқу-жаттығуға қатысты. Әлемнің барлық елінен келген мыңнан аса байланыс және ақпараттық (кибер) қауіпсіздік маманы бітімгершілік операцияларды өткізу кезінде «рота-батальон-бригада» басқару буындарында, сондай-ақ коалициялық күштерді қолдану жағдайларында өзара іс-қимыл дағдыларын жетілдірді», - деп хабарламада  нақтыланған.

Оқу-жаттығу шарттары бойынша қазақстандық контингент АҚШ халықаралық коалициялық күштер бригадасының құрамындағы құрлық батальонын танытты. Өрістетілген ақпараттық жүйелердегі жоспарланған сынақтарды (жаттығуларды) орындаудан басқа қазақстандық делегациялардың женкелеген әскери қызметшілері кибер қауіпсіздік және радиобайланыс құралдарын пайдалану жөніндегі тақырыптық семинарларға қатысты. 

Компьютерлік желіге және «Breaking Point Storm» жүйесін бұзуға және оған енуге сынақ жүргізу үшін ең жаңа жабдықтарды қолдана отырып, «Ixia Technologies Europe Ltd» компаниясы мамандары қазақстандық желі сегменті анағұрлым табысты болып табылады. Қазақстандық мамандар үшін қызушылықты оқу-жаттығуда компьютерлік желі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын қорғаудың (желіаралық экран, басып кіруді болдырмау жүйесі) жекелеген техникалық және бағдарламалық құралдары жұмысының тиімділігі мен тоқтаусыз жұмыс істеу тұрақтылығын танытты. Сынақ өткізу барысында оқу-жаттығуға шығарылған барлық техникалық құрылғы ҚР Қарулы Күштерінің әртүрлі басқару буындарында пайдалану үшін қажетті әлеуетке, зиянды бағдарламалардың жоғары жүктелісі мен қызметін алу кезіндегі берік жұмыс қабілеттігіне (төзімділігіне) және тұрақтылығына ие. Сонымен, қазақстандық мамандар орнатқан желіаралық экран 1920 компьютерлік шабуылдарды көрсетті, бұл олардың жалпы санынан 97%-ды құрайды. Салыстыру ретінде оқу-жаттығудың осы уақытқа дейінгі анағұрлым жақсы нәтижелері (соның ішінде ГФР, АҚШ, Италия және т.б.) 73%-дан аспады.

Оқу-жаттығу барысында ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қорғалған жергілікті есептеу желілерін өрістетуде, желілік, коммуникациялық жабдықтар мен қорғау құралдарын күйге келтіруде теориялық білім мен практикалық дағдылар алды. Шетелдік әріптестермен әңгімелесу жаңа көптеген жайттарды білуге мүмкіндік тудырды.

Қазақстандық команданың үйлесімділігі мен даярлықтың жалпы деңгейі оқу-жаттығу басшылығымен жоғары бағаланды. Жеке құрамды дұрыс орналастыру, қазақстандық мамандардың командалық рухы және кәсібилігі ҚР Қарулы Күштерді халықаралық оқу-жаттығуда мақтанышпен ұсынуға мүмкіндік берді.

 

Барлық жаңалықтар