• Басты
  • «Нұрлы жол» президенттік бағдарламасына 1 жыл толды
11 Қараша, 2015 14:32

«Нұрлы жол» президенттік бағдарламасына 1 жыл толды

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, жаңа экономикалық саясат туралы айтқанына бір жыл толып отыр.
«Нұрлы жол»  президенттік  бағдарламасына 1 жыл толды

Құжат елдің алдағы уақыттағы мақсаттарының негізгі басымдықтарын анықтайды. Атап айтсақ, ол көліктік-логистикалық даму, индустриялды және энергетикалық инфрақұрылымды ілгерілету. Оның ішінде жұмыспен қамту сынды  әлеуметтік аспектілерге аса мән берілген.  Қолжетімді баспана, ТКШ жаңғырту, мектеп құрылысы мен ауруханалардың ашылуы да назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, шағын және орта бизнестің рөлін күшейту де мақсатқа алынған. 1 жыл аса ұзақ уақыт емес. Бірақ, осы қысқа уақыт ішінде «Нұрлы жол» қабылданғалы  қазақстандық қоғамның  алға ілгерілегені байқалды. Қазіргі таңда жаңа экономикалық  жағдайында аталмыш құжат даму локомотиві болып отыр.

Бір жыл бұрын әлемдік экономиканың даму темптерін болжаушылар кемде кем еді. Көптеген сарапшылар  саясат пен экономикада энергия тасымалдаушылар бағасының төмендеуі уақытша құбылыс деп айтқан болатын. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық әлемдегі күрделі кезеңнің келетінін болжап, жаңа экономикалық саясатты ұсынған болатын.

 «Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді. Бүгін менің тапсырмам бойынша Үкімет белсенді жұмысқа кірісіп кетті. Біз 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін қайта қарадық. Бұл дұрыс, өйткені, біздің экспорттық шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы бюджеттің кіріс бөлігіне қаржы түсуін төмендетуге алып келуде. Бірақ, соған қарамастан, Үкімет алдына оңай емес, алайда, нақты міндет – барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.Дағдарыс жағдайларында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, экономикалық саясатты қайта бағдарлаулар жүріп жатыр. Қолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиіс. Мұндай тәжірибе бізде бұған дейін болған. Біздің 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы табысты шараларымызды еске алсақ та жеткілікті. Көріп отырғандарыңыздай, өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізуде. Және біз партияның тұғырнамасын бүгінгі күн шындығы тұрғысынан қарай отырып жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз.Менің тапсырмам бойынша Үкімет дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасауды аяқтады. Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын», - деді Ұлт көшбасшысы.

Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Ол макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады.

ҚР ИДМ-нің мәліметінше,  негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай – Батыс Еуропа; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда; Атырау – Астрахань.Сондай-ақ, елдің шығысында логистикалық хаб және батысында теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастыру қажет. Батыс бағытта Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға Құрық портынан ауқымды паромдық өткелі және Боржақты – Ерсай теміржол желісі ықпал ететін болады. Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей мен ЕО елдерінің «құрғақ» және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу мәселесін ойластыруды тапсырамын.

Аталмыш жобалар Қазақстанның рөлін транзиттік дәлізден Орталық Азияға дейін  нығайта түседі, Ресей, Қытай және өзге өңірлерден келетін  көліктік ағынды күшейтеді. Транзит көлемі 3,5 млн тоннаға дефін, ал жүк тасымалдау 2,5 есеге дейін көбеюі жоспарланған. Темір жол саласы мен көліктік логистиканы жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 46,3 млрд теңге бөлу қарастырылған. Бұл ретте автожол саласындағы жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан 301,3 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінеді. Соның ішінде 2015 жылы - 178 млрд. теңге, 2016 жылы - 123,3 млрд. теңге қарастырылмақ. Халықаралық қаржы институттарынан тартылатын қарыз есебінен 6,3 млрд. АҚШ долларымен қоса қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Осының аясында 2015 - 2020 жылдары «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс», «Орталық-Батыс» секілді ірі автожол жобалары іске асырылып, республикалық маңызы бар басқа жолдарды реконструкциялау көзделген.

 «Нұрлы жол» бағдарламасында  энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту айтылған. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. «Екібастұз - Семей - Өскемен» және «Семей - Ақтоғай - Талдықорған - Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

Президенттік бағдарламаның тағы бір бағыты тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз.

Президенттің «Нұрлы Жол» бағдарламасы тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту болып табылады. Бағдарламаның жоспарына сәйкес, урбанизацияның 2050 жылға қарсы 70 пайыз болатыны, оның ішінде қала халқының 35 пайызы 2 млн халқы бар (Астана,Алматы,Шымкент, Өскемен) қалаларында тұратын болады.

Балалар бақшасының жетіспеушілігі - басқа мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс.Индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруды тапсырамын.

«Нұрлы жол» бағдарламасы 2020 жылға қарай келесі көрсеткіштерге қол жеткізеді: ЖІӨ 2014 жылмен салыстырғанда 15,7 пайызға 395,5 мың жұмыс орнының құрылуымен жүзеге асады, оның ішінде тұрақты – 86,9 мың адам, уақытша – 308,6 мың адам. Дүниежүзілік экономикалық форум көрсеткішінің рейтингінде «негізгі инфрақұрылымдық сапасы» бойынша 57 орынға дейін жету.

Жалпы, бағдарламаны жүзеге асыру  экономикалық өсімге ұзақмерзімді және қысқамерзімді келешекте әсер ететін болады. Құрылған жұмыс орындарының сақталып қалуын қамтамасыз етіп, іскерлік белсенділікті арттырып, бәсекелестікті қабілетті ете түседі.

Данияр Қасымов

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды