- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Парламенті арақ-шарап акциз ставкаларының 15 пайызға көтерілуін мақұлдады
Қазақстан Парламенті арақ-шарап акциз ставкаларының 15 пайызға көтерілуін мақұлдады
«Заң жобасын Мәжілісте қаралғанда Кеден одағындағы әріптес елдерде қабылданғандай, алкоголь өніміне салықтың қолданыстағы акциз ставкасын келесі үш жылға өзгеріссіз қалдыру жөніндегі түзету депутаттар тарапынан енгізілген. Бірақ ол уақытта Үкімет ондай шараға дайын болмағандықтан, өзінің қорытындысымен Мәжіліс депутаттарының бастамасын қолдамады. Заң жобасын Сенатта қарау барысында Үкімет өз шешімін қайта қарап, алкоголь өніміне акциз ставкасын күтіліп отырған 30 пайыздық өсімнен Сенатпен ұсынылған қолданыстағы ставканы 10-ға емес, 15 пайызға ұлғайту жөнінде шешім қабылдады. Осыған орай, Сенат енгізген түзетулермен келісуге болады деп есептейміз», - деді Парламент Мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Серік Оспанов.
Оның айтуынша, заң жобасын Мәжіліс 2015 жылдың 30 қыркүйегінде мақұлдады. 7 қазанда екінші оқылым барысында ол 159 өзгертумен Сенатқа жіберілді.
«Сенат тарапынан құжатқа бес түзету енгізген. Олардың ішінде бір түзету алкоголь өніміне коньяк, бренди, шарап, шарап материалы, сыра және сыра сусынынан басқа акциздер ставкасын қайта қарау ұсынылады», - деді ол.
Сонымен қатар, депутаттар арақ-шарап акцизінің ставкаларын 3 жылға дейін қатарып ұстауды ұсынған болатын, бұл үрдіс осыған дейін Қазақстанның Кедендік одақтағы серіктестері Ресей мен Беларусь елінде қолданылған болатын. Құжатты қабылдау, ең алдымен, қолайлы бизнес-ортаны құруға, мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын іске асыруға және одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ықпал ететін болады
Айта кетейік, Парламент мақұлдаған заң жобасы Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру