- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады
Мәжіліс Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады
Заң жобасының негізгі мақсаты мемлекеттік сатып алулар ережесін жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, сондай-ақ әлеуетті тауар жеткізушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және мемлекеттік сатып алуға қатысатын тараптардың жауапкершілігін арттыру болып отыр.
«Мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін жеңілдету шеңберінде заң жобасымен алдын ала біліктілік іріктеуді қолдана отырып конкурсты енгізу, сондай-ақ конкурс пен аукционды өткізу тәртібін жеңілдету көзделген», - деді Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Серікжан Қанаев.
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық көріністерін болғызбау мақсатында заң жобасымен техникалық өзіндік ерекшеліктерді алдын ала талқылау институты енгізіледі, конкурстан тыс рәсімдерге қойылатын талаптар арттырылады, шарттар жасасудың, тауарларды беру туралы электрондық жүкқұжаттардың, орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсету актілерінің және электрондық шот-фактуралардың тек қана электрондық форматы енгізіледі.
«Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағым жасау мерзімдері белгіленеді, сол уақыт ішінде шарттар жасасуға жол берілмейді», - деп баяндады Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Серікжан Қанаев.
Бұған қоса, тапсырыс берушінің не өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұл санкциялары белгіленіп отыр.
Заң жобасы 30 қырүйекте бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Бүгін депутаттар оны екінші оқылымда қарап, Сенатқа жіберді. Сондай-ақ, бүгін Мәжіліс ілеспе заң жобасын да екінші оқылымда мақұлдады.
Индира Кауметова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары