• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның мемлекеттік қызметіндегі реформаларға ЭЫДҰ сарапшылары Орталық Азиядағы мысал ретінде қарайды

Қазақстанның мемлекеттік қызметіндегі реформаларға ЭЫДҰ сарапшылары Орталық Азиядағы мысал ретінде қарайды

11 Қараша, 2015 11:38
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшылары Қазақстан мемлекеттік қызметке реформа жасай отырып, өңірге мысал көрсете алады, деді Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов Назарбаев Университетіндегі семинарда.

«100 нақты қадам –Ұлт жоспарының басым бағыттарының бірі кәсіптік және автономды мемлекеттік аппарат құру болып табылады. Мемлекет басшысының аталмыш бастамасын жүзеге асыруда саяси мемлекеттік қызметші мен кәсіби мемаппарат арасындағы байланыстың балансын анықтау қажет. Қоғам кәсіптік мемаппарат кезекті саяси кампаниялардан кейінгі турбуленттіктен қорғашталуына қызығушылық танытып отыр. Өз кезегінде  саяси мемлекеттік қызметкерлер халықтан саясатты жүзеге асыруға мандат алады, ол мандатты әділ атқаруы тиіс», - деді Ә.Байменов.

Ол атап өткендей, бүгінде ЭЫДҰ 34 дамыған елді біріктіріп отыр.

«Ұйым үлкен тәжірибе жинап үлгерді. Қазақстан 100 қадамды жүзеге асыруда алғашқы тәжірибені игеруге мүдделі. Мемлекет басшысы ЭЫДҰ тәртіптері мен стандарттарын енгізуді бекер тапсырмады. Қазақстан қазірдің өзінде мемқызмет саласындағы реформаларды жүзеге асырып жатыр. Біздің ел өңір бойынша мойындалған көшбасшы болып  отыр. Бұл 31 мемлекет пен 5 халықаралық ұйым еніп отырған өңірлік хабтың Астанада орналасуына себеп болды. ЭЫДҰ мен БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк  сарапшылары Қазақстан мемқызметтегі реформалар бойынша мысал келітіріп отырғандығын айтты.

Айта кетейік, мемқызмет жөніндегі Астана өңірлік хабының  семинары ЭЫДҰ , Ұлттық экономика министрлігі, Назарбаев Университеті мен БҰҰ даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылды.  

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар