• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЭБЖМ 2014-2016 жылдар аралығында жергілікті бюджет базасына 40 мақсатты трансфертті өткізеді

ЭБЖМ 2014-2016 жылдар аралығында жергілікті бюджет базасына 40 мақсатты трансфертті өткізеді

4 Қараша, 2013 17:44
ЭБЖМ 2014-2016 жылдар аралығында жергілікті бюджет базасына 40 мақсатты трансфертті өткізеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев хабарлады.

«Қаражат игерілуін жетілдіру, мемлекеттік органдардың есептілігіне қатысты амалдарды өзгерту мақсатында ҚР ЭБЖМ Бюджеттік Кодекске өзгеріс енгізудің екінші блогы дайындалып жатыр», - деп хабарламада нақтыланған.

 Ағымдағы жылғы 31 қазанда 2013 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы мақұлданды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығындары 165,8 млрд. теңгеге қысқартылды.

Жыл нәтижесіне байланысты болжанып отырған қосымша кірістерді орынды пайдалану мақсатында 2013 жылы республикалық бюджет тапшылығы 80 млрд. теңгеге немесе ЖІӨ-нің 0,2% қысқартылады. Сондай-ақ, ірі инвестициалық жобаларды іске асыру мақсатында 100,0 млрд. теңге бөлінді.

Қаржы тәртіптерін көтеру мақсатында шығындардың мөлшерін көтеру туралы әкімішіліктердің ұсыныстары қайтарылып, алдағы жылы азайтылған шығындарды қалпына келтіру қарастырылмайды.

Жергілікті бюджетке трансферттерді үлестіру механизмін одан әрі жетілдіру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына қатысты ұсыныстар дайындалып жатыр.

2014-2016 ж.ж. бюджеттік алып қоюлар мен субвенциялар көлемін анықтау барысында қаржы дербестілігі мен жергілікті бюджет шығындарының базасына әкімдердің жауаптылығын жоғарылату мақсатында тұрақты негіздегі 40 мақсатты трансферттерді тапсыру ұсынылып отыр (2014 жыл - 215,7 млрд. теңге, 2015 жыл - 214,0 млрд. теңге,  2016 жыл - 220,4 млрд. теңге).

 

Барлық жаңалықтар