• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс көлік паспортының бірыңғай нысандарын енгізу туралы келісімді ратификациялады

Мәжіліс көлік паспортының бірыңғай нысандарын енгізу туралы келісімді ратификациялады

11 Қараша, 2015 11:02
ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлы отырысында «Көлік құралы және өзі жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Көлік құралы паспортының  және өзі жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісім 2014 жылдың 15 тамызында Мәскеуде жасалған.

Келісімге сәйкес, көлік құралдарының және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарының жүйелері қолданысқа енгізілгенге дейін көлік төлқұжатының бірыңғай нысандары пайдаланылатын болады. 

«Келісім көлік құралдары мен өзге де техниканың бірыңғай кедендік аумақта еркін айналымда жүруін қамтамасыз етеді. Аталмыш келісімді жүзеге асыру мақсатында ЕЭК шешімімен 2015 жылдың 22 қыркүйегінде электронды паспорт жүйесінің жұмыс істеу тәртібі бекітілді», - деді ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау.

Келісімге сәйкес көлік және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарына қойылатын талаптар мен оларды толтыру тәртібін, сондай-ақ электрондық паспорт жүйесінің жұмыс істеу тәртібін Еуразиялық экономикалық комиссия бекітіп, айқындайды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар