- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында 4 жыл ішінде 1700 км желіні жаңарту бойынша 67 жоба іске асырылды
Павлодар облысында 4 жыл ішінде 1700 км желіні жаңарту бойынша 67 жоба іске асырылды
2011-2014 жылдар аралығында 1700 км желіні жаңарту бойынша 67 жоба іске асырылды. Барлығы жылумен қамтудың 70 километрі, 155 км сумен қамту және су қашыртқы желілері, 1475 км электрмен қамту желілері жаңартылды.
Нәтижесінде, 2015 жылғы 1 қаңтарға тозығы орташа 60 % инженерлік желілер 8 %-ға дейін қысқарды, бұл Бағдарлама көрсеткіштеріне жетуге мүмкіндік беріп отыр.
Облыста көп қабатты тұрғын үйлердің саны 2 507 бірлікті құрайды (Павлодар қаласында - 1334 бірлік, Екібастұз қаласында – 751 бірлік, Ақсу қаласында - 251 бірлік, облыс аудандарында – 171 бірлік). Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғырту бағдарламасы бойынша төрт жыл ішінде 160 тұрғын үй жөнделді, оған қоса пәтерлердің меншік иелерінің нысаналы жинақ қаражаты есебінен 180 үйде жөндеу жүргізілді.
Нәтижесінде 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлердің саны 15%-ға төмендеді (жоспар бойынша – 8%). 20 мыңнан астам тұрғынның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мен өмір сүру жайлылығы жақсарды.
Бағдарлама қатысушыларының қайтарымды қаражаты есебінен 2013-2014 жылдары 6 үй жөнделді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы Екібастұз қаласында 131,3 млн. теңге сомасына 6 тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде және пәтерлердің меншік иелерінің жеке қаражаты есебінен 120 тұрғын үйде жабындарды және жылумен, сумен жабдықтау инженерлік желілерін жөндеу жүргізілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері