Қазақстанда жекешелендіру аясында 217 нысан сатылды

11 Қараша, 2015 11:57
2015 жылдың 9 қарашадағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 395 нысан шығарылып, 217 нысан сатылды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Республикалық меншік бойынша - 11, коммуналдық меншік бойынша - 100, ӘКК - 59, холдингтер бойынша - 47 нысан сатылды.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 3 328 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 2 770 млн. теңгеден астам, Холдингтер 61 703 млн теңге, ӘКК 2 956 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша  барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 37 нысан  жекешелендіруге жатады.

 

 

Барлық жаңалықтар