Қазалы ауданында газдандыру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды

11 Қараша, 2015 15:34
Қазалы ауданының Әйтеке би ауылында 163 үйге құрылыс монтаж жұмыстары жасалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазалы ауданында жылумен қамту мәселесі бойынша биылғы жыл аудан тұрғындары үшін ерекше жыл деп айтуға болады. Жалпы құны 6 млрд теңгені құрайтын Әйтеке би кентін газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Бұл жобаның 1-ші кезеңі іске қосылды. Қазіргі таңда 15 үй тұрақты түде көгілдір отынды пайдаланып отыр. Монтаждау жұмыстарының дайындығына қарай, жоба кезең-кезеңімен іске қосылатын болады. Бүгінгі күнге 1227 тұрғыннан газ желісіне қосылу жөнінде техникалық шартын сұрау туралы өтінішіне сәйкес, 1120 тұрғын үй өлшеніп, мамандармен 850 жоба дайындалып, 163 үйге құрылыс монтаж жұмыстарын атқарды», - деді Н.Шамұратов.

 

Барлық жаңалықтар