- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында көкөністің жақсы шығуына байланысты өнім бағасы тұрақтылықты сақтауда – әкімдік
Павлодар облысында көкөністің жақсы шығуына байланысты өнім бағасы тұрақтылықты сақтауда – әкімдік
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта картоп пен көкөністің жақсы шығуына байланысты өнім бағасы тұрақты. Сондықтан бұл өнім сатылымға кешірек шығарылмақ. Бұл механизм баға өскен жағдайда іске қосылады.
Өңдеуші кәсіпорындармен және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен және әлеуметтік сауда нысандарын дайын өніммен қамтамасыз ету жөнінде жасалған меморандум аясында 2015 жылғы 1 қарашадан өңдеуші кәсіпорындардан («Щербак» ШҚ, «Green House – Павлодар» ЖШС, «Белоусов» ЖК, «Фролов» ШҚ, «Неупокоев» ШҚ) өсімдік майы жеткізіле бастады.
Әлеуметтік сауда желісі үшін босату бағасы – 240 теңге/литрі, апта сайынғы сенбілік жәрмеңкеге – 270 теңге/литрі.
Қарақұмық жармасы да осыған ұқсас жолмен сатылады. Өңдеуші кәсіпорындардан («Колос» ЖШС, «Егер» ЖШС, «Зерноград» ЖШС) әлеуметтік дүкендерде және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде сату үшін жарманың килограмы 180 теңгеден босатылуда.
Атап өту керек, 2015 жылғы 9 қарашадан «Шарбақты Құс» ЖШС құсханасында өндірілген жұмыртқа бағасы 5,7%-ға артып, 1 санатты жұмыртқа ондығының бағасы 185 теңгені құрады.
Оған қоса, қол қойылған меморандумға сәйкес ағымдағы жылғы 3 тоқсанда 1-сұрыпты ұн өндіру үшін 1 тоннасына 5000 теңге есебінен жәрдем ақша берілді. Ағымдағы жылы 4 тоқсанда жәрдемақша сомасы екі есеге (тоннасына 2500 теңгеге дейін) кеміді, ал бұл өз кезегінде нан құнының 50-ден 54 теңгеге дейін өсуіне әкеліп соқты, бөлшек сауда желісінде нанның құны 58 теңгеден аспауы керек.
2016 жылғы 1 қаңтардан жәрдемақша берілмейтін болады. Нанның бағасы астық бағасының нарықтың құнына байланысты болады. 2016 жылы нанның бағасы 65 теңге болады деп болжануда.
2015-2016 жылғы қысқы кезеңде тауарлық интервенцияларды жүзеге асыру мақсатында облыстың «Павлодар» ӘКК тұрақтандыру қорына аймағымызда өндірілмейтін өнім бөлінді - 203 тонна қант, 24,8 тонна күріш, 200 тонна түйнекті пияз.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар