- Басты
- Жаңалықтар
- Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары 100 шақырымдық маршты еңсерді (ФОТО)
Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары 100 шақырымдық маршты еңсерді (ФОТО)
Ежелгі заманнан бері марш жасау шеберлігі әскерлердің негізгі шеберлігінің бірі болып саналады. Бүгінгі күні жалпыәскери ұрыстағы жетекші рөл қалыптасқан жағдайға қарамастан, жорықтық, жауынгерлік алды және жауынгерлік тәртіптерде әрекет ете алатын мотоатқыш және танкті бөлімшелерге тиесілі.
«Құрлық әскерлерінің Әскери институтында маршты ұйымдастыруды және өткізуді зерделеу кезең-кезеңмен өтеді. 1-курста курсанттар бөлімше командирінің жұмысы көлемінде, 2-курста взвод командирі көлемінде, 3-курста рота командирі көлемінде және 4-ші соңғы оқу курсында батальон командирі ауқымында қажетті мәселелерді зерделейді. Сондықтан болашақ офицерлермен 100 шақырымдық маршты өткізу төртінші курста жоспарланып, өткізіледі», - деп атап өтті тактика кафедрасының аға оқытушысы, Құрлық әскерлері Әскери институтының доценті полковник С.Пастух.
Жауынгерлік техникада 100 шақырымдық маршты өткізу – бұл жол және лекті жолдар бойынша взвод немесе рота құрамындағы жай ғана жүріс емес. Ол бірінші кезекте, маршты өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру бойынша барлық дәрежедегі командирлердің жұмысы, сондай-ақ шынайы күрделі ауа райы және климаттық жағдайлар кезіндегі қатты қиылысқан тактикалық жағдайдың күрделі фонында басқару бойынша қажырлы, күрделі жүмыс.
10 күн бойы курсанттар жергілікті жердің картасы және сұлбасы арқылы қозғалыс бағдарын, оның қашықтығы мен өтімділігін, маршты жасау шарттарын, шептерді, аялдардың орындары мен уақытын, ас қабылдау орындарын зерделеді, өз бөлімшелерінің марштық мүмкіндіктерін, жердің сипатын, аялдар аудандарындағы қорғау және бүркемелеу шарттарын бағалады. Жеке элементпен марш жасау барысында командирлер мен жеке құрамның аялдағы іс-әрекеттерінің оқу сұрағы пысықталды.
Курсанттар жауынгерлік машиналарды жүргізудің жоғары шеберлігі мен тактикасын, күрделі жағдайда орағытуды, әртүрлі кедергілерді еңсеру кезіндегі табандылықтары мен батылдықтарын, марш жасау барысында туындайтын тапсырмаларды шешу кезінде өзіндік пен бастамашылдықты көрсетті.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
COVID-19: Вакцина вирустан 100% қорғай ма -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
«Рухани жаңғыру»: 4 жылда не өзгерді -
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді -
Елордада Салық Зимановтың 100 жылдығы атап өтілді -
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды -
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды