- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Бас прокуроры Сочидегі Прокурорлардың халықаралық қауымдастығының конференциясына қатысты
ҚР Бас прокуроры Сочидегі Прокурорлардың халықаралық қауымдастығының конференциясына қатысты
Дүние жүзінің 34 мемлекетінен жиналған 200 қатысушының және 9 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінің басын қосқан форумда терроризмге және зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы күрес мәселелері талқыланды.
Жиынның ашылу рәсімінде Ресей Федерациясының Бас прокуроры Юрий Чайка және Прокурорлардың халықаралық қауымдастығының Президенті Герхард Ярош сөз сөйледі.
«Ретімен жалғасын тапқан талқылау барысында терроризммен және зорлық-зомбылық экстремизммен байланысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық ынтымақтастықтың, соның ішінде істі тергеу мен сотта талқылаудың, сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері сөз болды», - делінген хабарламада.
Конференцияға қатысушылардың ортақ пікірлерінше, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам құқықтары кепілдіктерін жүзеге асыру және қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау жөнінен күш біріктіру мақсатында халықаралық екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты арттыра түсу қажет.
Форум аясында А. Даулбаев Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Бразилия, Босния және Герцеговина, Мажрастан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Сербия, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Чехия, Иран, Куба, Оңтүстік Африка елдерінің бас прокурорларымен, сондай-ақ ПХҚ басшылығымен кездесулер өткізді.
Екіжақты жүздесулер барысында сұхбаттасушылар трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі саудасымен, киберқылмыстылықпен, экстремизммен және терроризммен күрес жүргізу тұрғысында өзара ынтымақтастықтың маңызды бағыттары бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, ақпарат және мамандар алмасу бойынша ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады