• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жыл соңына дейін ҚР-да шағын кәсіпкерліктерге түскен салықтың бір бөлігі жергілікті бюджетке аударылады – Е.Досаев

Жыл соңына дейін ҚР-да шағын кәсіпкерліктерге түскен салықтың бір бөлігі жергілікті бюджетке аударылады – Е.Досаев

4 Қараша, 2013 17:08
ҚР-да биылғы жылдың соңына дейін шағын кәсіпкерліктерден түскен салықтың бір бөлігін өзін-өзі басқарудың жергілікті дәрежесіне аудару туралы ұсыныс дайындалады. Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінің апта сайынғы дәстүрлі отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

«Жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың екінші кезеңі аясында жергілікті мемлекеттік басқару қызметін кеңейту, атап айтсақ өзін өзі басқару органдарының  бюджет түзілуі жөніндегі мәселелер қаралады», - деді Ерболат Досаев.

Сонымен, Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан жыл соңына дейін база табысының көбеюінде әкімдердің де қызығушылығын ояту мақсатында шағын кәсіпкерліктерден түскен салықтың бір бөлігін өзін өзі басқарудың жергілікті дәрежесіне аудару туралы ұсыныс дайындалмақ.

«Егер жаңадан кәсіпкерліктер құрылса, осы кәсіпкерліктің құрылуына қатысқан жергілікті өзін өзі басқару немесе жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерліктен түскен пайдадан не себепті өзіндік үлес ала алмайды? Біз осыған келісеміз, сол себепті жақын уақытта іске асыру үшін ұсыныстарды қарап, шараларды қолға алып жатырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл соңына дейін аталмыш өзгерісті енгіземіз», - деді министр.

Барлық жаңалықтар