- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Ыдырысов: Болгария - Жерорта теңізі өңірі мен Балқан түбегіндегі Қазақстанның басты әріптестерінің бірі (ФОТО)
Е. Ыдырысов: Болгария - Жерорта теңізі өңірі мен Балқан түбегіндегі Қазақстанның басты әріптестерінің бірі (ФОТО)
Е. Ыдырысов қонақ пен оның делегациясын жылы қабылдай отырып, «Қазақстан мен Болгарияны дәстүрлі достастық, өте жылы қарым-қатынастар байланыстырады. Біздің көптеген халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ұқсас. Біз Қазақстанда 50-ден аса болгарлық компаниялардың қатысумен құрылыс және күн энергетикасын дамыту салаларындағы жасалып жатқан жұмысқа қанағаттанарлық білдіреміз. Дегенмен, ынтымақтастық әлеуеті одан да кеңірек және ең жақсы жылдардың өзінде екіжақты сауда көлемінің 200 млн. АҚШ долларын құрауы, өзінің жоғары шегінен алысырақ деген сенімдеміз», – деп атап өтті.
Өз кезегінде Ц. Цачева «Қазақстан Болгария үшін өңірдегі ең маңызды әріптес болып табылады. Біздің ойымызша, 2014 жылғы Ынтымақтастықты дамытудың жол картасында баяндалған іс-шаралар бұл қарым-қатынастарды жаңа деңгейге шығаруы мүмкін» деді.
Е. Ыдырысов Болгария қазақстандық негізгі халықаралық бастамаларды қолдайтынын және Жерорта теңізі өңірі мен Балқан түбегіндегі Қазақстанның басты әріптестерінің бірі болып табылатындығын ерекше ықыласпен атап өтті. Ол Қазақстан Парламенті Мәжілісі және Болгария Халық жиналысының арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын құптады және де осы құжат екі ел парламентшілерінің ынтымақтастығын арттыруға ықпал ететіндігіне сенім білдірді.
Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Бір күн бұрын Астанада ашылған Қазақстан-Болгария сауда палатасы бұл бағытта маңызды рөл атқаратын болады.
Сыртқы саяси ведомствоның басшысы әртүрлі салаларға инвестиция мен ноу-хауды тартуға қазақстандық тараптың қызығушылығын білдіріп, «Нұрлы жол» бағдарламасы және «ЭКСПО-2017» аясындағы жобаларға болгарлық бизнесті қатысуға және екі елдің транзиттік-көлік әлеуетін неғұрлым белсенді пайдалануға шақырды. Ц. Цачева жуырда Болгария «ЭКСПО-2017» Ұлттық комиссарын тағайындау мәселесін шешіп алған соң, алдағы өтетін көрмеге міндетті түрде қатысатынын атап өтті.
Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде Қазақстан – ЕО қарым-қатынасы туралы пікір алмасты. Кеңейтілген әріптестік туралы және 29 сала бойынша ынтымақтасуды қамтитын ҚР және ЕО арасындағы қол қоюы жоспарланып жатқан келісімнің маңызындылығына да тоқталды. Е. Ыдырысов Қазақстан үшін ЕО-пен ынтымақтастықты дамытудағы басым міндеттерінің бірі визалық режимді оңайлату екендігін атап көрсетті.
Сондай-ақ, Қазақстан-Болгария мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының мәселелері де қарастырылды, сондай-ақ шығу тегі болгарлық қазақстандықтардың Қазақстан Республикасын және екіжақты қарым-қатынастардың нығайту мен дамытудағы үлесі атап өтілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда