• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Назарбаева: «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілді (ФОТО)

Д.Назарбаева: «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілді (ФОТО)

10 Қараша, 2015 18:41
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілді, деді Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесу барысында.

« «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының бірінші кезеңі алғашында ведомствоаралық байланысты жақсарту, алдын ала шараларды жүзеге асыру, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру, медициналық білім беру және дәрілік қамсыздандыру  міндетін алға қойды. Жалпы, ресми баға мен шетелдік сарапшылар бағасы аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру бойынша өте позитивті болуы керек», - деді Д.Назарбаева.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау жүйесінде кемшіліктер бар. Бұл ҚР Парламентінің отырыстарында да айтылып жүр.

«Мұндай денсаулық сақтау сынды үлкен салада лезде өзгерістер мен жақсы өмір келе қоймайды. Бұл ауқымды үрдіс адамдық ресурстар мен қаржылық шығынды қажет етеді. Бұл жерде сабырға келуіміз қажет», - деді вице-премьер.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар