• Басты
  • Жаңалықтар
  • Швейцарияда FISU-дің Бас Ассамблеясында 2017-ші жылғы Универсиадаға дайындық талқыланды (ФОТО)

Швейцарияда FISU-дің Бас Ассамблеясында 2017-ші жылғы Универсиадаға дайындық талқыланды (ФОТО)

10 Қараша, 2015 20:06
Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) 34-ші Бас Ассамблеясында Алматы қаласының халықаралық спорттық жобалар дирекциясының жетекшісі Әсет Абдуалиев 2017 жылы өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарына Алматы қаласының дайындығы барысымен таныстырды.

Ассамблеяның отырысына ХОК-нің Президенті Томас Бах, қайта сайланған FISU Президенті Олег Матыцин және 167 елдің ұлттық студенттік спорт федерацияларының өкілдері қатысты., деп хабарлады ұйымдастыру комитеті.

Ассамблея барысында 2015 жылғы Жазғы Универсиада ойындарын қабылдаған Кванджу және 2015 жылы Қысқы ойындарды өткізген Гранада ұйымдастыру комитетінің өкілдері жарысты өткізгендігі туралы қорытынды есептерімен таныстырды.

Сондай-ақ 2017 жылғы Жазғы Универсиаданы қабылдайтын Тайпей мен 2019 жылғы Қысқы Универсиаданы өткізетін Красноярсктің ұйымдастыру комитетінің жетекшілері де,  жарысқа дайындығы барыстарымен таныстырды.

 Универсиада-2017 ойындарының ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Әсет Әбдуалиев Алматы қаласының жарысқа дайындығы туралы айтып, спорт нысандарының құрылыс жұмыстары уақытымен жүріп жатқандығын жеткізді. 

Барлықтарыңызға белгілі, Қысқы Универсиада ойындары 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді.  Спорттық бағдарламаға қысқы спорттың 13 түрі кірген. (Оның 8-і міндетті, 4-уі қосымша және 1-уі таныстыру бендиден) Жарысқа 3 мыңға жуық спортшы қатысады және 3 мың ерікті жұмылдырылады. Ойындар 7 нысанда өткізіледі. Олардың арасында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан 12 мыңдық Мұзды сарай мен 3 мың адамға арналған Мұзды арена бар. 

Әсет Абдуалиев Универсиада тарихында алғаш рет спортшылар мен делегаттарға, 5 мың адамға арналған Атлетикалық қалашықтың салынып жатқандығын атап өтті. Ойындардан кейін аталған қалашық студенттердің жатақханасы мен тұрғын үй ретінде педагогтарға кепілдікке берілмек. Жалпы Универсиададан кейін барлық спорт нысандары  тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуы үшін халық  игілігіне беріледі.  

Бұдан бөлек қаланың өзінде алғаш рет сноубордтың БигЭйр түрі мен фристайлдың шаңғы акробатикасынан жарыстар өткізу үшін уақытша ғимарат салынбақ.

Барлық жаңалықтар