• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да 2020 жылға қарай тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту жоспарлануда (ФОТО)

ҚР-да 2020 жылға қарай тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту жоспарлануда (ФОТО)

10 Қараша, 2015 17:34
Қазақстанда ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасы енгізіледі, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жаңа кодекстің нормаларын таныстыру барысында.

«Ағымдағы жылы біз «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруды аяқтаймыз, сонымен қатар, негізгі мақсаты қоғамдық денсаулық жүйесін дамыту, аурулардың алдын алу мен басқаруды жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мен басқарудың тиімділігін арттыру, ресурстарды тиімді қолдануды қамтамасыз ету және инфрақұрылымдарды оңтайландыру болып табылатын ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды бастаймыз», - деді министр.

Т. Дүйсенованың айтуынша, бағдарламаның қаржы үлгісі өзгереді және оған сәйкес алдағы жылдарға денсаулық сақтау жүйесінің дамыту керек негізгі бағыттары анықталады.  

«Бірінші кезекте қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің жұмысы алдын алу шараларына бағытталады. Екіншіден, бірінші медициналық-әлеуметтік көмек – бұл денсаулық сақтау жүйесінің басты бөлігі. Стационарлық көмек көрсету жүйесін одан ары интеграциялайтын боламыз», - деп түсіндірді ведомство басшсы.

Бағдарламаның негізгі міндеті – 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту.

Анар Тәңірқұлова 

Барлық жаңалықтар