- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да 2500-ден астам мемлекеттік қызметкер мен ҚХА мүшелері этносаралық келісім мәселелері бойынша арнайы курстан өтті
ҚР-да 2500-ден астам мемлекеттік қызметкер мен ҚХА мүшелері этносаралық келісім мәселелері бойынша арнайы курстан өтті
Ректордың айтуынша, соңғы үш жылда еліміздің барлық аймақтарында 30-дан астам семинар-кеңестер, оның ішінде көшпелі кеңестер өткізілді.
«Біз тек мемлекеттік қызметкерлерді ғана емес, сонымен қатар ҚХА жұмысымен байланысты тұлғаларды да қамтуға тырыстық. Барлығы 2500-ден астам адам семинарларға қатысты. Сонымен қатар біздің Академия қашықтықтан оқыту бойынша «Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» арнайы бағдарламасын жасақтады. Біздің барлық мемлекеттік қызметкерлеріміз бағдарламаға тартылды, қашықтықтан оқи алды», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, «Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбындағы үздік ғылыми жұмыс байқауының қорытындысы жасалды. ҚХА 20 жылдығының құрметіне 20 баланың жұмысы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Жұмыстары жоғары баға алған жас шығармашыл қатысушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясының дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Келелі кеңестің жұмысына Президент әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, Ассмаблеяның ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері және т.б. қатысты.
Индира Кауметова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды