- Басты
- Жаңалықтар
- Азаматтық қызметкерлердің жалақысы еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісі бойынша 40 пайызға өсуі мүмкін
Азаматтық қызметкерлердің жалақысы еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісі бойынша 40 пайызға өсуі мүмкін
«Еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісін енгізгеннен кейін біліктілігіне байланысты негізгі персонал қызметкерлері жалақысының сараланып арттырылуы күтілетінін хабарлады: денсаулық сақтау саласында – 7% -дан 28%-ға дейін, білім беру саласында – 15%-дан 29%-ға дейін, өзге салаларда – 28%-дан 40%-ға дейін», - деді Т.Дүйсенова.
Сондай-ақ, қызметкердің білім, біліктілік деңгейіне, еңбек өтіліне және т.б. қарай өсім сараланатын болады
Министр астаналықтарға 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелері туралы әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, негізгі мақсаты қоғамдық денсаулық жүйесін дамыту, аурулардың алдын алу мен басқаруды жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мен басқарудың тиімділігін арттыру, ресурстарды тиімді қолдануды қамтамасыз ету және инфрақұрылымдарды оңтайландыру болып табылатын ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасы туралы да айтты.
Бағдарламаның негізгі міндеті – 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту.
Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында кәсіподақтардың рөлі кеңейтілді, оның ішінде жақында қабылданған «Кәсіподақтар туралы» Заңда қарастырылған мүмкіндіктер де есепке алынды.
Осылайша, юнионизация тәжірибесінің дамуына септігін тигізетін тараптардың ұжымдық шарттар мен келісімдер жасаудағы қызығушылығы арта түседі.
Еңбек қатынастарын ырықтандырудағы аталмыш үлгі ЭЫДУ стандарттарына сай келеді.
Анар Тәңірқұлова
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар