- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитетінде мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасы қаралды
Сенат комитетінде мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасы қаралды
Заң жобасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, барлық мүгедектердің өз құқықтары мен бостандықтарын толық және тең дәрежеде жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасау мақсатында әзірленген, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қзыметі.
Құжат мүгедектердің және қимыл-әрекет етуі ауыр басқа да топтарының еркін жүріп-тұруы үшін, яғни әлеуметтік объектілерге, инфрақұрылымдарға, байланыс және ақпарат саласындағы көрсетілетін қызметтерге кедергісіз қол жеткізуі үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
«Заң жобасы медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін жетілдіруді көздейді. Көру және есту қабілеті төмен мүгедектерге қолжетімді тұрғыда ақпарат беріледі. Жүріп-тұруы қиын мүгедектер некеге тіркелу қызметтерін үйде, медициналық немесе өзге де ұйымдарда ала алады. Олардың тұрғын үй қатынастары саласындағы құқықтарын қорғау мақсатында үшінші топтағы мүгедектерге басқа жарамды тұрғын үй берілмейінше қызметтік тұрғын үйден шығаруға жатпайтыны заң жобасында қарастырылған», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге берілетін тұрғын үй екінші қабаттан жоғары болмауы жөніндегі талап қойылған. Есту қабілеті нашар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының көрсететін қызметі нормасын жылына 60 сағатқа дейін ұлғайту ұсынылады. Республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда және астанада психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін құру көзделеді.
Білім беру саласында көру қабілеті бұзылған мүгедектерді тифлотехникалық құралдарды және арнайы құрылғыларды пайдалана отырып оқыту мен тәрбиелеу құқығына кепілдік беріледі, инклюзивті білім беруді есепке ала отырып, білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеу жөнінде талаптар белгіленеді.
Бұдан басқа, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар үшін мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарына бірінші кезекте жұмысқа бөлу құқығы регламенттеледі.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары