Қостанайда азаматтық істерді қарау бойынша өңірлік семинар өтті

10 Қараша, 2015 19:18
Қостанайдың облыстық сотында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында «Азаматтық істерді қарау бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында өңірлік семинар өтті, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Семинардың негізгі тақырыбынан бөлек, қатысушылар ҚР Президенті 31 қазанда қол қойған Азаматтық процессуалдық кодексті талқылады.

Облыстық соттың төрағасы Г.Мырзаке заңнамаға өзгертулер енгізілгенге орай өңірлік дәрежеде семинардың өткізген өзекті екенін айтып өтті.

«Бүгінде елдің құқыққорғау жүйесі жоғары тиімділікті қамтып отыр, оған халықаралық беделді рейтингтер куә», - деді ол.

ҚР Жоғарғы сотының судьясы Д.Тумабеков өткізіліп жатқан жұмыс туралы айтып өтіп, сот тәжірибесінен мысалдар келтірді.

«ІІс бойынша шешім қабылдауда заң бойынша ғана емес, тараптардың әділдігіне де назар аударған жөн», - деді Д.Тумабеков.

 

 

Барлық жаңалықтар