• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ҚК ӘТК старшиналары мен матростарының байқауына алғаш рет әйел әскери қызметшілер қатысуда (ФОТО)

ҚР ҚК ӘТК старшиналары мен матростарының байқауына алғаш рет әйел әскери қызметшілер қатысуда (ФОТО)

11 Қараша, 2015 08:37
Ақтау қаласының 29011 әскери бөлімінде ҚР Әскери-теңіз күштерінің старшинасы штаб-старшина Айдәулет Ұрдабаев пен Әскери-теңіз базасының страшинасы 2-сыныпты старшина Таңатқан Амановтың басшылық етуімен ҚР ҚК ӘТК жағалық және техникалық бөлімшелердің үздік старшинасы мен матросы атағына байқау өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының келісімшарт қызметінің матросынан бастап батальон сержантына дейін, мамандар, взвод және бөлімше командирлері кәсіби шеберлік тұрғысында бақ сынасты.  Алғаш рет матростардың барлық санаты, сондай-ақ әйел әскери қызметшілер тартылды.

Өткен жылдардағы байқаулардан осы байқау ауқымдылығы және қатыстырылған жеке құрамның санымен ерекшеленді. Байқау нәтижелері бойынша үздік взвод командирі 3-сыныпты сержант Сауырбай Қуанғалиев, үздік бөлімше командирі аға сержант Төленді Молдағалиев, үлгілі қызмет сержанты және маманы 3-сыныпты сержант Батырхан Есенғабылов пен бас старшина Қайрат Өтенов атанды.  Қатысушы әйелдер арасында «Жауынгер қыз» аталымы жарияланды. Ол атаққа 2-статья старшинасы Майра Әбдірахманова ие болды. 

ҚР ҚК ӘТК старшинасы Айдәулет Ұрдабаевтың айтуынша, әрбір әскери қызметші үздік болуға тырысып бақты.  Мұндай іс-шаралар күнделікті қызметті ұйымдастыру, бағынысты жеке құрамға басшылық жасау мәселелерінде старшиналық құрамның білім мен дағдысын анағұрлым арттырады.  Осындай форматтағы байқауларды әрі қарай өткізу практикасы әскери қызметшілердің жеке дайындығына, старшиналар мен матростардың беделін арттыруға оң ықпал етеді.  


 

Барлық жаңалықтар