- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Кеңестер Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновтың рухы ұлықталды
Алматыда Кеңестер Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновтың рухы ұлықталды
Салтанатты шараға Алматы әкімі Бауыржан Байбек, еліміздің әр түкпірінен келген қоғам, ғылым мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Батырдың туыстары мен жақындары қатысты. Б.Байбек шараның маңыздылығын атап өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі ұрпақтың парызы мен қарызы - өткенге көз жүгірту, тарихты саралау дегенді жиі айтады. Аты аңызға айналған батыр тұрған үйдің қабырғасына мемориалды тақта орнату - аға ұрпақтың кешегі ерлігіне көрсетілген құрметтің тек бір бөлігі ғана», - деді әкім.
Талғат Бигелдинов 1922 жылдың 5 тамызында Ақмола облысы Ақкөл ауданының Майбалык ауылында туылған. Оның жауынгерлік өмірбаяны 1942 жылдың жетоқсанынан басталады. 19 жастағы жауынгер Калинин майданында жаумен шайқасады. Осы кезең ішінде ол 10-ға жуық әуе шабуылына қатысады. Фрунзе аэроклубында ұшуға үйреніп, Саратов арнайы әскери-авиациясында болады, сосын Чкаловтағы әуе атқыштар мектебінде де дәріс алады. Кейін Ижевскіде Ил-2 самолетінің руліне отырады.
Қала басшысы Т. Бигелдиновтың өмір жолындағы ерліктеріне тоқталды.
«Талғат Жақыпбекұлы еліміз үшін қиын кезеңде өзінің жауынгерлік шеберлігі мен Отанға деген зор сүйіспеншілігінің арқасында қаһармандық пен патриотизмнің үлгісіне айналды. Өзінің ерліктері арқылы ол халқын танытты. 305 әскери әуе шабуылына шығып, талай рет ажалмен бетпе- бет келсе де тайсалмады», - деді Б.Байбек.
Айта кетейік, 1944 жылдың 26 қазанында аға лейтенант Талғат Бигелдиновке ерлігі мен әскери шеберлігі және Знаменка, Кировоград қалаларын жаудан азат еткені, 4 жау самолетін атып түсіргені үшін Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді.
Екінші Алтын жұлдызды гвардия капитаны Талғат Бигелдинов 1945 жылы 27 маусымда Краков, Оппельн, Катовице, Бреслау және Берлин қалаларын жаудан азат еткені үшін алды.
Соғыстан кейін 1950 жылы Әскери- әуе академиясын бітіріп, азаматтық авиацияда жұмыс істеді.«Отан», «Даңқ», «Барыс», «Ленин», «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен марапатталған
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр