- Басты
- Жаңалықтар
- Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысының тұрғындары көрсетілген көмек үшін Елбасына алғыс білдірді
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысының тұрғындары көрсетілген көмек үшін Елбасына алғыс білдірді
Авторлар өздеріне ең бір қиын сәттерде көрсетілген көмектің маңыздылығын атап өткен.
«Сол кезде, осыдан алты ай бұрын, біздің көпшілігіміз шын мәнінде баспанасыз қалдық. Жылдар бойы жинағанымызды, тірнектеп жүріп салған үй-жайымызды әп-сәтте лай басып, мүлде жарамсыз болып қалды. Көпшілігіміздің қолымызда шиеттей бала-шаға, қарттар бар еді», – делінген хатта.
Тұрғындар осындай жағдайда Мемлекет басшысы өздерін назарынан тыс қалдырмай, қол ұшын созғанын атап өткен.
«Біз ақшалай өтемақы алдық. Баспанасыз қалғандарды жатақханаларға, жалдамалы пәтерлерге орналастырды. Еліміздің барлық тарапынан жедел көмек ретінде дәрі-дәрмек, жылы киім, азық-түлік келе бастады. Сосын әкімдік қызметкерлері келіп, Сіздің тапсырмаңызбен біз үшін жаңа үйлер салынатынын айтқанда, жүрегімізді зор қуаныш кернеді», – деп жазады. авторлар.
Сонымен қатар олар орындауға бөлінген мерзімнің қысқа болуы себепті тапсырманы жүзеге асыру мәселесіне қатысты алаңдағандарын да айтқан.
«Бірақ бүгін, бұрынғымыздан әлдеқайда жақсы, жаңа, жылы әрі жайлы үйде отырып, алдағы суықта қайтеміз деген қорқыныштан арылған кезде алаңдаушылығымыз бекер болғанын түсіндік. Тағдырымызға Өзіңіз тікелей араласқан кезде күмәндануымыз негізсіз еді. Сіз өзіңіз үшін азаматтардың аман-саулығынан асқан маңызды міндет жоқ екенін тағы да дәлелдедіңіз», – делінген хатта.
Айта кетейік, Қарағанды облысы биыл көктемгі тасқын судан ең көп зардап шеккен өңірдің бірі болды. Табиғи апат салдарынан 449 үй тұруға жарамсыз деп танылып, 2017 отбасы зардап шекті. Облыста Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында оларға көмек көрсету жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, өтемақылар уақтылы төленді, ал 5 мамырда жаңа үйлер құрылысы басталды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады