• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб құрамына Монғолияның азаматтық кеңесі қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб құрамына Монғолияның азаматтық кеңесі қабылданды

4 Қараша, 2013 16:43
Астанада Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқарушы комитетінің екінші отырысы өтті. Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб құрамына Монғолияның азаматтық кеңесі қабылданды, деп Мемлекеттік істер жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Отырысты Басқарушы комитеттің тең төрағалары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы Алихан Байменов және БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Стивен Тулл ашып, отырыстың мақсатын және комитет мүшелерінің талқылауы үшін негізгі сұрақтарды белгіледі», - деп хабарламада нақтыланған.  

Өңірлік хаб Басқарушы комитетінің отырысына комитетке мүше барлық елдердің өкілдері, оның ішінде Түркия елшісі Омир Бурхан, Корея Республикасының елшісі Пэк Чухён, АҚШ елшісінің орынбасары Майкл Клечески және Ауғаныстанның Мемлекеттік қызмет институтының директоры Осман Османи, Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының орынбасары Грез Косимов, Қырғыз Республикасының Мемлекттік Кадр Қызметі Тестілеу  орталығының жетекшісі Алымкулова Садыгуль, Грузияның Мемлекеттік қызмет бюросы Азаматтық қызметті дамыту және реформа департаментінің басшысы Тамта Цоцкалашвили қатысты.

Сонымен қатар, отырысқа видеоконференц-байланыс арқылы онлайн режимде Әзербайжан Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша комиссия Төрағасы Бахрам Халилов, Мемлекеттік басқару бойынша БҰҰ желісінің (UNPAN) Америкалық мемлекеттік басқару ассоциациясының (ASPA) өкілдері қатысты.

Сонымен, өңір елдерін, дамыған елдерді қоса алғанда 28 ел және халықаралық ұйымдар қатары Өңірлік хаб қатысушылары болып отыр.

 

 

Барлық жаңалықтар