• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет азық-түлік бағасының көтерілуіне орай әлеуметтік аз қамтылған халыққа қолдау көрсетеді – депутат

Мемлекет азық-түлік бағасының көтерілуіне орай әлеуметтік аз қамтылған халыққа қолдау көрсетеді – депутат

10 Қараша, 2015 15:03
Мемлекет өндірістік өнім бағасының көтерілуіне орай әлеуметтік аз қамтылған халыққа қолдау көрсетеді, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.

«Заманауи экономиканың ерекшелігі халықтық шаруашылықтың бірде біреуі импортсыз күн кеше алмайды. Барлық ауыл шаруашылығын өндірушілер банк несиелеріне, субсидияларға, электр энергиясына, коммуналдық қызметке   тәуелді. Бүгінгі таңда заман күрделі, алайда бұл кезеңнен де ауыр шақтар болды, мәселен 1990 жылдары бизнесті енгізу енді басталғанда инфляция 1500 пайызға дейін жеткен болатын. Бүгінгі жағдай жаһандық дәрежедегі проблема, барлық елдер оны бастан кешіруде», - деді депутат.

Оның айтуынша, Қазақстанға мұнай көп табыс әкелді, мұнайдың бағасы түскеннен кейін бағаның өсуі жүзеге асты.

«Бізде тұрақты экономикалық жағдай, бағаның өсуі болатын әрекет, оған дайындалу керек, ал әлеуметтік аз қамтылған халық санатына мемлекет адрестік көмек, қолдау көрсетеді, өндірістік себет қайта саналады», - деді А.Соловьева.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар