• Басты
  • Ә.Нұрпейісов: «Астана аруы» жас модельдерге жол ашатын бастама

Ә.Нұрпейісов: «Астана аруы» жас модельдерге жол ашатын бастама

10 Қараша, 2015 13:04
12 қараша күні Конгресс-Холда «Астана аруы» байқауы өтедi. Бұл туралы «Астана аруы – 2015» байқауына арналған баспасөз мәслихатында белгiлi болды.

«Байқау 2008 жылдан бастап циркте, сауда орталықтарында, отельдерде және басқа да концерттiк залдарда өтіп келді. Биыл Конгресс-Холда өтедi, бiз бұған қуаныштымыз. Конгресс-Холда үлкен шоу болады. Байқау 4 бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiм – таныстыру, ол Голливуд стилiнде өтпек, екiншi бөлiм этникалық стиль бөлiмi, үшiншi бөлiм кешкi көйлекпен шығу болса, тағы бiр бөлiм көрермендер үшiн құпия болып қалсын», - дейдi байқаудың бас режиссерi Светлана Грабовская.

«Астана аруы – 2015» байқауының жеңімпазы биылғы жылдың желтоқсанында Астанада өтетін республикалық «Қазақстан аруы» сұлулық байқауында елорда намысын қорғайды. «Астана аруы» тек сұлулық байқауы емес, ол жас модельдерге, фотомодельдерге, шығармашылықпен айналысатын қыздарға жол ашатын бастама. Көптеген арулар байқаудан кейін мамандықтары бойынша жұмыс істемей, медиаиндустрия, телевизия салаларына ауысып жатады. Біз үшін байқау сапасының артқаны маңызды, сондықтан биылғы байқау жоғары деңгейде өтеді деген ойдамын. Байқауға қатысушаларға сәттілік тілеймін. Ең сұлу, ең ақылды және лайықты ару жеңіске жетсін!», - деп ойын білдірді Астана қаласы әкімдігі «Астана жастары» МКҚК директоры Әнуар Нұрпейісов.

Оның айтуынша, Астана әкімдігінің  «Астана жастары» директоры Әнуар Нұрпейісов байқаудың басты мақсаты елдің намысын «Қазақстан аруы-2015» және «Әлем аруы» байқауларында қорғауға лайық қыздарды таңдау қажет.

Байқау директоры Ольга Радештің айтуынша, жыл сайынғы «Астана аруы» дәстүрлі байқауына кастингте іріктеліп, финалға шыққан 20 ару бір ай бойы дайындалды.

«Ертең басты дайындық, одан кейін байқау өтеді», - дейді байқаудың бас режиссері Светлана Грабовская.

Айта кету керек, биылғы «Астана аруы» байқауының кастингiне 200-ге жуық адам қатысты, олардан 20 ару iрiктеп алынды.

 

 

Барлық жаңалықтар