- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Болгарияның мәдениет министрлігі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Қазақстан мен Болгарияның мәдениет министрлігі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Келісімге қол қою рәсімі Болгария Республикасы Халық Жиналысының төрайымы Ц. Цачеваның Қазақстан Республикасына сапары аясында өтті.
Тараптар айтып өткендей, Қазақстан және Болгарияны тұрақты саяси сұхбат пен ынтымақтастықтың кең ауқымдары бойынша терең екіжақты байланыстарға негізделген берік достық қарым-қатынастары байланыстырады.
«Болгария Республикасы біздің дәстүрлі әріптесіміз болып табылады. Бұның айғағы ретінде болгар тарапының қазақстандық бастамаларға, соның ішінде 2010 жылы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы, Бүкіләлемдік сауда ұйымы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелігі және Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге көрсеткен қолдауы болып табылады», - деді Ғ. Ахмедьяров.
Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау, жаңғырту және консервациялау саласындағы екіжақты байланыстарды дамытуды қамтиды. Қазақстан және Болгария кітапханалары, мұражайлары, киноөнер және концерттің қызмет ұйымдары арасындағы әріптестік қатынастарды гүлдендіре түсуге ұмтылады.
Сонымен қатар, келісімге сәйкес, мемлекеттер бір-бірін екі жақ мүдделеріне тиесілі ақпаратпен алмасып отыратын болады. Тараптар келісімге қол қою екі мемлекет халықтарының арасындағы достық қарым-қатынастарды күшейту мен дамытуға жаңа серпін беретіндігіне сенім білдірді.
Құжатқа елдері атынан Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров пен Болгария Республикасы мәдениет министрінің орынбасары Бони Петринова қойды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары