- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл eGov арқылы 20 мыңнан астам компания тіркелді
Биыл eGov арқылы 20 мыңнан астам компания тіркелді
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қызметі электрондық үкімет порталында 2013 жылдан бері қолжетімді. Қызмет іске қосылған жылы 19307, 2014 жылы 23840 рет алынды.
Онлайн қызметті алу үшін электрондық түрде өтініш толтырса болды, бір күннің ішінде пайдаланушының жеке кабинетіне мемлекеттік тіркеу немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы электрондық анықтама түрінде жауап келеді. Онлайн-өтінішті толтыру кезеңінде жүйе кәсіпкерде жылжымайтын мүлігінің бар болуын автоматты түрде тексереді, санаулы уақыт ішінде тіркелген заңды тұлға әрекеттегі, және т.б. атауының сәйкес келуіне тексеруді жүргізеді.
Егер бұрын өтініш беруші мемлекеттік органға бес және одан да көп құжаттармен келіп, 5 күннен 30 күнге дейін тіркелуді алу үшін деректерді тексеруді тосса, бүгінгі күні рәсімдеудің барлық уақыты электрондық түрде бір күннен көп уақытты алмайды, бұл ретте ешқандай құжаттарды талап етпейді.
Қазақстанда бизнесті тіркеу рәсімін жылдамдату мемлекеттік қызметтердің автоматтандыру және оңтайландыру үдерісінің арқасында мүмкін болды. Осы жылдың басынан бастап шағын және орта кәсіпкерлік объектілері үшін мемлекеттік тіркеу тегін.
Еgov.kz порталының Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қызметі «Бизнеске» бөлімінің «Бизнесті тіркеу және дамыту» парақшасында орналасқан. Қызметті алу үшін ЭЦҚ қажет.
Атап айтсақ, биылғы жылы Қазақстан «Doing Business» рейтингінің «Кәсіпорынды тіркеу» көрсеткіші бойынша 53-орыннан 21-орынға көтерілген.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі