• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық спортшы «А» санаты бойынша Жалпыресейлік турнирде «алтын» медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы «А» санаты бойынша Жалпыресейлік турнирде «алтын» медаль жеңіп алды

10 Қараша, 2015 12:53
Ақмола облысының тумасы Нұрдәулет Жарманов «А» санаты бойынша Жалпыресейлік турнирде «алтын» медаль жеңіп алды, деп хабарлады облыстық ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Новосибирскте Кеңес одағының спорт шебері Дмитрий Пановтың құрметіне Жалпыресейлік турнир аяқталды.  Дүбірлі доданың мақсаты боксты дамыту, спорттық шеберлікті көтеру және спорттық резервті жасақтау.

Түрнирге Ресей мен Қазақстанның боксшылары осымен 14-ші рет бас қосты. Төрт күнге созылған сайыста 130 спортшы қарсыласын жеңіп қана қоймай, Ресейдің бокс бойынша спорт шебері атағын иеленуі керек болды.  Жарысқа 1995 жылы туылған қыздар мен ұлдар қатысты. Ерлер 10 түрлі салмақ дәрежесі бойынша және әйелдер 4 түрлі салмақ дәрежесі бойынша өзара бақ сынады.

Ақмола облысының намысын байрақты бәсекеде 6 спортшы қорғады. ЖСШБ жаттықтырушысы Константин Рыбинский бастаған былғары қолғап шеберлері Нұрдәулет Жарманов 81 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алса, Вадим Казаков дәл осы салмақта күміс медаль иеленді, ал Сабыржан Бекбергенов 64 келі салмақ дәрежесінде тағы бір күмісті олжалады.

«Турнир өте салмақты. Жыл сайын оның қатысушылары артып келеді. Бұл турнир тек шеберлікті шындау ғана емес, бұданда күшті сайыстарда бақ сынауға мүмкіндік беретін трамплин», - деді К. Рыбинский.  

Барлық жаңалықтар