- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада старт-ап жобаларды қолдау бойынша бағдарлама өз жұмысын бастады
Қызылордада старт-ап жобаларды қолдау бойынша бағдарлама өз жұмысын бастады
Даму Қорының Қызылорда облысы бойынша филиалына 18 бен 29 жас аралығындағы жастардан бағдарламаға қатысуға 40 өтініш түсті, оның ішінен қазылар алқасы 25 өтінішті қатысуға іріктеп алды.
Жоба аясында КҚКО-да тәжірибелі бизнес-тренерлердің басшылығымен 4 күндік кәсіпкерліктің негіздерін оқыту тренингі өтті. Курс бағдарламасына заң саласы, маркетинг, қаржылық және басқа да кәсіпкерлікті құру барысындағы тақырыптар енгізілді.
Семинар соңында қатысушыларға оқуды сәтті аяқтағаны жөнінде арнайы сертификаттар табыс етіледі. Сондай-ақ, жас бастауыш кәсіпкерлер қазылар алқасы алдында өздерінің бизнес-жобаларына таныстырылым жасайды, соның нәтижесінде ең үздік 10 жоба ағымдағы жылдың желтоқсан айында жүзеге асырылатын жастардың «Бизнес-идеялар марафоны» старт-ап жобалар Конкурсына қатысуға мүмкіндік алады.
Әрбір бастауыш кәсіпкер өз бизнесін бастағанда бірқатар тосқауылдарға жолығатыны белгілі, сондықтан да жастардың Старт-ап жобаларын құрамына оқыту мен кеңес беру, практикалық қолдау көрсету құралдары кіретін кешенді бірегей қолдауды жүзеге асыру қазіргі таңда аса қажет болып отыр. Дәл осы мақсатта Даму Қоры жас бастауыш кәсіпкерлерді кешенді бірегей қолдауға арналған арнайы Бағдарлама қабылдап, соның нәтижесінде жеке кәсіпкерлер субъектілерінің қатары артып, жас мамандарға арналған жаңа жұмыс орындары ашылады деген үмітте.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет