• Басты
  • Жаңалықтар
  • Италияда арбадағы спорттық биден әлем чемпионатында қазақстандық «қола» медаль иеленді

Италияда арбадағы спорттық биден әлем чемпионатында қазақстандық «қола» медаль иеленді

10 Қараша, 2015 20:42
Қазақстанның арбадағы спорттық би түрінен құрама командасы Италиядағы 2015 жылдың әлем чемпионатына қатысты, деп хабарлады Ұлттық паралимпиадалық комитет.

Алты қазақстандық спортшы Рим қаласына келді -  Ардақ Оторбаев, Айдана Бегленова, Марат Қарақұлов, Наргиз Ахметова, Күлшім Аталықова, Дастан Раушанбеков.  Топты ҚР спорттың еңбегі сіңген қайраткері, «Заманиуи және спорттық би федерациясы» РҚБ президенті  Әлия Түсіпбекова бастап барды.

Айта кетерлік жайт, Қазақстанның егеменді тарихында алғаш рет Ә.Түсіпбекова 2015 жылдың әлем чемпионатына халықаралық қазылық етуге шақырылды, бұл оның кәсіби біліктілігін және жоғары деңгейдегі қазылық қызметін білдіреді.

Жалпы,  жарысқа әлемнің 30 мемлекетінен барлығы 160-тан астам биші қатысты Алғашқы күннің қорытындысы бойынша  қазақстандық бишілер А. Оторбаев пен А. Бегленова Combi Freestyle-1  бойынша төртінші орынды иеленді. Екінші күні олар  Combi Standart-2 тағы да 4 орын иеленді. Women s Single Freestyle-2  бойынша Тараздан келген спортшы әділ қазылардың көңілінен шығып, қола медальға қол жеткізді.

Барлық жаңалықтар