- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында биенің таза сүтінен жылына 10 тонна құрғақ ұнтақ өндіру жоспарлануда
Қарағанды облысында биенің таза сүтінен жылына 10 тонна құрғақ ұнтақ өндіру жоспарлануда
Бүгінгі таңда шаруашылықта 1300 бас негізгі мал табыны бар. Жайылым жерлерінің жалпы алаңы 24,5 мың гектар, егістік жерлері 11 мың гектардан асады, суармалы жерлері 1,5 гектар. Жобаның жалпы құны – 1 439 163 мың теңге.
Жобаның шеңберінде ғимараттардың, басқа да қажетті инфрақұрылымдардың құрылыстары жүзеге асырылған, биенің таза сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін технологиялық жабдық, техника мен биологиялық активтер сатылып алынған.
Жобаның қуаты - жылына 10 тонна құрғақ ұнтақты Қазақстанның тамақ, фармацевтикалық және косметологиялық өнеркәсіптерінде пайдаланылатын, сондай-ақ Евроодақ елдеріне экспортталатын құрғақ ұнтақ өндіру.
Бұл тамақ өнімдері, фармацевтика және медицина технологиялары салаларындағы соңғы әлемдік зерттемелерді қолдана отырып, жоғары технологиялы қазіргі заман инновациялық өндіріс екенін айтып кету қажет.
Бие сүтінен алынатын сублимирленген құрғақ ұнтақ арнайы қондырғыда ваккумдық кептіру арқылы әзірленеді. Сублимациялық кептіру бойынша технологиялық желінің жабдығы тікелей жануарлардың орналасқан орнына жақын жерге орнатылған. Бұл технологиялық талаптармен себептеледі – сауыла бастаған сәтінен бастап технологиялық қайта өңделе бастағалға дейін 15-20 минуттан артық уақыт өтпеуге тиісті. Жобаның авторлары сендіріп отырғандай, бұл жаңа сауылған бие сүтінің барлық пайдалы сапасын ұзақ уақытқа толық сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Қазіргі күнге жылқы фермасы өзінің өнеркәсіптік айналымын ұлғайтып, бие сүтінен құрғақ ұнтақ өндіруде. 2015 жылдың тамыз айынан бері бие сүтінен құрғақ ұнтақтың бір тоннадан артық алғашқы партиясы өндірілді. Өнімнің көпшілік бөлігіне ендігі сатып алушылар табылып та қойылған.
Аймақ үшін ең бастысы – жобаның әлеуметтік аспектісі, өйткені ол 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз, олар үшін тұрақты жалақыны, демек, олардың жанұяларының амандығын қамтамасыз етеді.
Аталмыш жоба Осакаровка ауданынан Индустрияландыру картасына енгізілген үш жобаның бірі болып табылады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар