- Басты
- Жаңалықтар
- «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінде арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді (ФОТО)
«Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінде арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді (ФОТО)
Оқу-жаттығудың аңызы бойынша арқан жолымен демалушыларды көтеру уақытында электр қуатының сөнуі нәтижесінде тоқтап қалады, кабинада үш адам болды. Қатты аяз болғандықтан көмекке Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қатарынан жиынтық құтқару құралымдары, «Алматы қаласының құтқару қызметі» және «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінің шаңғы патрулі шықты.
Құтқарушылар арнайы жарақ арқылы тіреу бағаналарынан аспалы кабинаға дейін түсуді және адамдарды тігінен түсіру арқылы қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын пысықтады. Төменде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, одан кейін Төтенше жағдайлар комитетінің Апат медицинасы орталығы мен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
№ 2 жаттығу орнында: жаттығудың мазмұны бойынша шаңғы жолындағы шатқалдың батыс жағында 5000 шаршы метрді құрайтын қар көшкіні болып, қар астында үш шаңғышы қалып қояды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру үшін құтқарушылардың жиынтық тобы шықты. Құтқарушылар зардап шеккендерді көргеннен кейін радио байланыс арқылы штабқа шаңғышылардың денсаулықтары туралы алғашқы ақпартты баяндайды, алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін оларды қауіпсіз жерге эвакуациялайды, медицина қызметкерлеріне тапсырады.
Сондай-ақ жаттығу орны Талғар асуы болады, бұл жерде төрт адамнан құралған туристер тобы белгіленген бағыт бойынша келе жатып, бағыттан шатасып және адасып кетеді, топта әр түрлі дене жарақаттарын алған зардап шеккендер де бар.
ТЖ комитетінің Республикалық жедел-құтқару жасағы адасқан туристерді іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастырады. Туристік топты іздеп тапқаннан кейін оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, зардап шеккендерді қауіпсіз жерге эвакуациялап, медицина қызметкерлеріне тапсырады.
Кезекті жаттығу орны «Шымбұлақ» ТШК апаратын жолдағы қар көшкіні басып қалған аймақта құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу орны болады. Аңыз бойынша «Медеу» бөгетінен тау-шаңғы кешеніне бағытталған таулы жол бойынша автокөлік кетіп бара жатқанда 3000 шаршы метрді құрайтын қар көшкіні болады. Оның нәтижесінде үш адамы бар автокөлік қар астында қалып қояды.
Құтқарушыларға учаскені зондтау арқылы тексеріп, қар астынан зардап шеккендерді тауып алып шығу қажет. Көшкін жүрген учаскені кинологиялық есептер тексеріп, адамдар бар жерлер жалаулармен белгіленді. Қар көшкіні салдарын жою Қазселденқорғау бөлімшелерінің инженерлік техникасы көмегімен жүргізілді.
Оқу-жаттығу кезеңінде қойылған мақсаттар мен міндеттер толық көлемде орындалды.
-
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі жандандыру үшін арнайы Жол картасы әзірленбек -
Д.Қыдырәлі: Ашаршылық құрбандарын еске алатын арнайы «алапат қасірет» күні белгіленсе... -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)
-
Жол жабық. Елорда маңындағы аудандардағы блок бекеттердің жұмысы (ФОТО) -
C.Боранбаев: Әскери қызмет мерзімін өткермегендер де арнайы жиынға шақырылуы мүмкін -
Елордадағы инфекциялық аурухананың құрылысы қалай жүріп жатыр (ФОТО)
-
С.Қалижанов: Арнайы әскери жиынға шақырса, баруға дайынмын -
Карантин құрсауындағы қала (ФОТО) -
Нұр-Сұлтан қаласында 30 мың медициналық маска тегін таратылып жатыр (ФОТО) -
Д.Абаев: Ұйымдастырушы үгіт-насихат жүргізетін уақыт пен арнайы орынды хабарлауы тиіс