• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылы Қазақстанда «көлеңкелі» экономиканы азайту мақсатында 44 пункт жүзеге асырылды - ЭБЖМ

2013 жылы Қазақстанда «көлеңкелі» экономиканы азайту мақсатында 44 пункт жүзеге асырылды - ЭБЖМ

4 Қараша, 2013 16:33
Биылғы жылдың алғашқы 9 айында елімізде «көлеңкелі» экономиканы азайту мақсатында 44 пункт іске асырылды, деп мәлімдеді ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ОКҚ дәстүрлі баспасөз отырысында.

«Мемлекет басшысы «көлеңкелі» экономика көлемін азайту бойынша жұмыстарды күшейту тапсырмасын берді. Осы орайда министрлік мемлекеттік органдармен біріге отырып 2013-2015 жылдары ҚР-да «көлеңкелі» экономикаға қарсы күрестің кешенді жоспарын іске асыруды қолға алады. Кешенді жоспарда 9 бағыт бойынша 122 шара қарастырылған. Биылғы жылдың 9 айы қорытындысына келер болсақ, 44 пункт дайындалып, жылдық жұмыстың 43 пайызы орындалған», - деді Е.Досаев.

Министрдің айтуынша, барлық мемлекеттік органдар биылғы жылдың жоспарын орындау мақсатында атқарылатын шараларды қолға алуы керек. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі негізгі 3 бағытта жұмыс істемек.

«Біріншіден, бюджеттік шығындарды бөлуді жоспарлау кезіндегі қауіпті басқару жүйесін енгізу мен бюджеттік жоспарлау жүйесін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік қаржыландыруды басқарудың объективтілігін аттыру», - деді Досаев.

Екіншіден, Досаевтың айтуынша, сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру мен тауар мен қызметтерді экспорттау мен импорттау кезіндегі құқық бұзушылықтың алдын алу үшін ведомствоаралық қатынастарды жақсарту керек.

«Үшіншіден, - дейді ЭБЖМ басшысы, - заңсыз қызметтер көлемін жүйелі бағалауды енгізу үшін бақыланатын экономиканың дәрежесін бағалау жүйесін қолға алу».

Министр тізімделу түрлі сала бойынша, түрлі дәрежеде өткізіледі.

«Болашақта қабылданылатын шаралар «көлеңкелі» экономиканың салаларына баламалы болғаны дұрыс болар еді», - деді Досаев.

Сонымен қатар, министр болашақта басқаларға қарағанда көбірек маңыз бөлінетін салалар анықталатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «көлеңкелі» экономикамен күресті күшейту керектігін айтқан болатын.

Барлық жаңалықтар