- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен ЮНЕСКО оңтүстік туристік кластерді қалыптастыру бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыруда
Қазақстан мен ЮНЕСКО оңтүстік туристік кластерді қалыптастыру бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыруда
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеңесте Оңтүстік Қазақстан облысы орталығының туристік кластерін құру мәселелері кеңінен талқыланды.
ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра комитетінің халықаралық сарапшыларымен пікір алмасу барысында тараптар «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының маңында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде тарихи ескерткіштерді сақтау туралы регламенттерді қатаң қадағалаудың қажеттілігі сөз етті. «Әзірет Сұлтан» қорғау аймағы маңында жаяу маршруттарды дамыту, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жаңғырту жұмыстарында халықаралық мамандардың қатысуы мәселелері үш жақты негізде келісілді.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі әкімдік және Қазақстандағы ЮНЕСО өкілдігімен бірлесіп «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының қорғау, буферлік аймақтарын дамыту, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің архитектуралық үлгісімен үндес инфрақұрылымды құру жобасы қайта қарастырылып, бекітілетін болады.
Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының туристік кластерін дамыту аясында Отырар қорық-мұражайына инфрақұрылымды жеткізу мәселесі де талқыланды.
Кеңес жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова, «ҚазЖаңғырту» РММ директоры Арнұр Қарымсақов, ҚР Ұлттық музейі директорының бірінші орынбасары Жазира Құлбаева, сонымен қатар ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра комитетінің жетекші сарапшылары қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды