• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ТЖ алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Астанада ТЖ алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

9 Қараша, 2015 20:11
Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божконың төрағалығымен Төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.

Комиссияның отырысында орталық және жергілікті атқарушы органдарымен қысқы кезіңді қауіпсіз өткізу бойынша, «Қыс-2015» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулардың нәтижелері, сонымен қатар газбен қамту жүйелерінің объектілерін, газ тұтыну жүйелерін және тұрмыстағы және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ жабдықтарын қауіпсіз пайдаланудың талаптарын сақтау бойынша қажетті шараларды қабылдау бойынша іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.    

Отырыс жұмысында Ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның мүшелері, ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің басшылары және жауапты қызметкерлері, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының,  әкімдерінің орынбасарлары қатысты.  

Отырыста қарастырылған мәселелер бойынша ІІМ ТЖ комитетінің, Экономика, Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика министрліктерінің, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарының басшылары сөз сөйледі.   

Азаматтардың қауіпсіздігін және қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қою әзірлігін қамтамасыз ету үшін билік және басқару органдарымен төтенше ден қою жүйесін дайындау бойынша жұмысты алдын ала бастады. Азаматтық қорғауды басқару органдарын, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға  күштер мен құралдарды  әзірлікке келтіру бойынша іс-шаралар кешені өткізілді, соның ішінде қысқы  кезеңде өтімділігі жоғары доңғалақты  және шынжыр табанды техниканы  пайдалану әзірлікке  келтірілді, ауа райының тез өзгеру және ықтимал төтенше жағдайлар туралы халықты және ұйымдарды уақытында құлақтандыру бойынша іс-шаралар пысықталды, әртүрлі ТЖ және басқалар туындаған жағдайда авариялық-құтқару және жедел күттірмейтін жұмыстарды өткізу үшін жауапкершілік аймақтары анықталды.

Отырыстың нәтижелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға қыс кезінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Барлық жаңалықтар