• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада бір бөлке нан бағасы 1 келі ұн бағасына байланысты болады – Ә.Төлендиев

Астанада бір бөлке нан бағасы 1 келі ұн бағасына байланысты болады – Ә.Төлендиев

9 Қараша, 2015 18:36
Нан бағасы 1 келі ұн бағасына байланысты болады. Бұл жөнінде бүгін «Астаналық нан–сауда» ЖШС-нің өндіріс орнына бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған баспасөз турында кәсіпорын директоры Әбдірахым Төлендиев мәлімдеді.

«Біз Астана нарығында 14 жыл жұмыс істеп келеміз және біздің кәсіпорын елордадағы нан өнімдерін өндіруші жетекші кәсіпорындардың бірі. Күн сайын 10-12 тонна нан өнімдерін, соның ішінде 25 түрлі нан өнімдерін жасап шығарамыз", - еді ол. 

"Бүгінгі күні әлеуметтік нан деп аталып жүрген нан оның атауы айтып тұрғандай, бұл нан түрі халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына арналған. Алайда, бұл нанды қазіргі уақытта тұрмысы жақсы азаматтар да, табысы күнкөріс минимумынан аз азаматтар да бір бағада сатып алып жатыр. Бұл әділетсіздік», – дейді кәсіпорын директоры.

Ә.Төлендиев меморандумдар аясында нан бағасына шектеу қойылып отырғандықтан, нан өнімдерін өндіруші кәсіпорындар жыл сайын азайып келе жатқанын айтты. 

«Әлеуметтік нан бойынша біз тиімсіз жұмыс істеп жатырмыз. Мәселен, біз ұнның 1 келісін 59 теңгеден, жеткізуін қосқанда 60 теңгеден сатып аламыз да, нанды 55 теңгеден сатуға мәжбүрміз. Себебі, әкімдікпен меморандумға қол қойылып қойған. Сол себепті біз нан өнімдерінің түрін көптеп шығарудың арқасында шығынның орнын толтыруға тырысып жатырмыз. Алғашқы жылы меморандумға елордадағы нан өнімдерін шығаратын 35 кәсіпорын қол қойған. Бір жылдан кейін небары 14 кәсіпорын қол қойса, осы жылы тек 12 зауыт қол қойды. Олардың барлығы қайда кетті? Олар не жасырын өндіріспен айналысады, не жұмыстарын уақытша тоқтатқан», – дейді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар